Өздік жұмыс

1.1-суретке қарап, «өткен күнге» қайта оралуға бола ма?

Бұл сұрақты естіген адам:«Бұл география емес-фантастика»,

деуі де мүмкін. Сұрақ географиялық мағынада қойылған,

әсіресе математикалық географияға тән. Сонымен кешегі,

яғни өткен күнге қайта оралуға бола ма?

2.Осылайша жаз және қыс айларындағы Күннің көкжиек-

тен талтүсте Челюскин мен Кушкаға, Солтүстік Американың

Солтүстік мүйісі-Барроу және Мехико қалаларына қандай

бұрыш жасап түсетінін есептеп шығарыңдар.

3.Мынадай жоспар бойынша жер қыртысы туралы әңгіме-

леңдер:

А) қабықтарының аты;

Ә) неден түзілгені,

Б) шамамен алғандағы қалыңдығы.

4.Жердің ішкі құрылысы 2-суреттегі сызбада санмен көрсе-

тілген. Осы сандардың әрқайсысы нені көрсетіп тұр?

1._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

2._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

3._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

 

5.Оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып, кестені толтырыңдар.Өздерің тұратын жерлерде кездесетін жыныстардың астын сызып көрсетіңдер.

 

Магмалық жыныстар

Шөгінді жыныстар

Метаморфтық жыныстар

1.

 

 

2.

 

 

3.

 

 

4.

 

 

5.

 

 

 

6.Кабинеттегі коллекциядан екі магмалық, екі шөгінді тау жыныстарын алып, олардың құрылысы, қаттылығы, тығыздығы, түсіндегі айырмашылықтары туралы айтып беріңдер. Магмалық және шөгінді жыныстардың айырмашылық белгілері туралы қорытынды жасаңдар.

7.Магмалық шөгінді және метаморфтық жыныстардың қайсысы бірінші, қайсысы екінші пайда болды? Осы жөнінде өз ойларыңды дәлелдеп айтыңдар.

8.Төменде аталған тау жыныстарының ішінде шөгінді, магмалық, метаморфтық жыныстар кездесе ме?

1) әктас, құм, гранит, балшық

2) гранит, кварцит, базальт

3) кварц, базальт, дала шпаты, слюда

9.Кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып, Күн жүйесі ғаламшарларына сипаттама беріңдер.

 

Ғаламшарлар

Радиусы (км)

Күннен қашықтығы (млн км)

1. Меркурий

2. Шолпан (Венера)

3. Жер

4. Марс

5. Юпитер

6. Сатурн

7. Уран

8. Нептун

9. Плутон

2439

6050

6371

3390

71400

60330

25600

24750

1500

58

108,1

150

228

778,3

1429

2871

4500

5910

 

 

 

 

 

2-тақырып. Жердің картада бейнеленуі

 

Өздік жұмыс

1.Жер қыртысының құрылысы картасы мен физикалық картаны салыстыра отырып, материктер мен мұхит табанындағы жер бедерінің неғұрлым ірі пішіндерін анықтап, олардың жер қыртысының қандай құрылымдарына сәйкес келетінін нақты мысалдармен дәлелдеңдер.

2.Үгілудің, ағын судың,желдің, жер асты суының, мұздықтардың, теңіздің, соқпа толқынның, адам әрекетінің жер бедеріне әсеріне мысал келтіріңдер.

3.Көрсетілген объектілердің қайсысы тауға, қайсысы жазыққа жататынын анықтап, бөліп жазыңдар.

1.Альпі 6.Ұлы Қытай

2.Тибет 7.Гималай

3.Орта Сібір 8.Скандинавия

4.Анды 9.Кавказ

5.Арабия 10.Орта Сібір

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-тақырып. Атмосфера және климат

 

Өздік жұмыс

1. 3000 м биіктікте термометр 00 С-ты көрсетті. Бұл кезде тау

етегінде қандай ауа температурасы болды?

2. 3-сурет бойынша жаздыгүні таудың: А, Б, В, Г нүктелерінде

қандай ауа температурасы болатынын анықтау керек. Егер тау

етегінде +200 С жылы болса ше?

А-

Б-

В-

Г-

 

Сарамандық жұмыс

Альпинистер 300 м биіктікке көтерілгенде, барометр осы биіктіктегі атмосфералық қысым 540 мм сын.бағ. екенін көрсетті. Бұл кезде жер бетіндегі атмосфералық қысым нешеге тең болады?

Атмосфера

Өз ойыңды тұжырымда

Атмосфералық ауа қалай жылынады?

Жоғары көтерілген сайын күнге жақындаймыз, соған қарамастан, ауаның температурасы неліктен төмендейді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырмалар

1.4-сурет арқылы жер бетінің қызуы Күн сәулесінің түзу бұрышына байланысты екенін сипаттаңдар.

А.Жер бетінен қызған ауаның температурасы жоғары көтерілгенде неге және қалай өзгереді?

Ә. Ауа төмен қарай жылжығанда, оның температурасы қалай өзгереді? 5-суреттегі сұрақ белгісінің орнына ауа «жоғары», «төмен» деген сөз жазыңдар.

 

   

 

2.Ауа массаларының негізгі көрсеткіштері: температура, ылғалдылық, қысым екені белгілі. Осыған орай ауа массаларын неше типке бөледі? Ол қандай ауа массалары? Соларға сипаттама беріңдер.

3. Жылы және ылғалды ауа массалары, жылы және құрғақ ауа массалары таралған аймақтарды жарты шарлар картасынан анықтаңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тақырып. Атмосфера және климат

 

Өздік жұмыс

ТМД елдері аумағындағы климаттық белдеулердегі ауа массалары, әдетте, жыл маусымдарына қарай өзгеріп отырады.

Төмендегі диаграммаға негізгі белдеулерді қызыл түспен, жазыңдар.

Кескін картамен жұмыс өтпелі белдеулерді сары түспен бояңдар.Негізгі климаттық белдеулерді бағдарша арқылы көрсетіп

«Дүние жүзінің климаттық белдеулері» кескін картасына:

1.Әріптер арқылы Жер шарындағы «жоғаы» және «төмен» қысым белдеулерін белгілеңдер (8-сурет).

2.Негізгі ауа массалры қай жерде қалыптасатынын әріппен белгілеңдер.

3.Пассат желдерінің бағыты мен қоңыржай белдеудегі

батыс желдерінің бағытын көрсетіңдер.

4.Түрлі түсті қарындашпен негізгі және өтпелі

климаттық белдеулерді белгілеңдер.

5.Картаға өздеріңнің тұрған жерлеріңді белгілеп, оның

8-сурет климаттық жағдайын сипаттаңдар.

      

 

 

Сарамандық жұмыс

Төмендегі жағдайлардың қайсысында жел күштірек соғатынын анықтаңдар.

1.Құрлық үстіндегі қысым-758 мм сын.бағ., теңіз үстіндегі қысым-760 мм.сын.бағ.

2. Құрлық үстіндегі қысым-755 мм сын.бағ., теңіз үстіндегі қысым-752 мм.сын.бағ.

Бірінші және екінші жағдайда жел қалай қарай соғады? Ойларыңды тұжырымдаңдар.

 

 

 

тақырып.ГИДРОСФЕРА

 

Өздік жұмыс

ТМД және Қазақстан аумағындағы су қоймалары салынған өзендерді белгілеңдер.Осыған сәйкес кесте жасаңдар.

1.Дәптерлеріңе өзен жүйесінің сызбанұсқасын салыңдар.

2. «Бастау», «сала», «саға», «өзен аңғары», «арна», «жайылма», «өзен алабы», «суайрық» ұғымдарына анықтама беріп, түсіндіріңдер.

3.Обь, Хуанхэ, Миссисипи, Конго,Ертіс, Іле өзендерінің географиялық орындарына мынадай жоспар бойынша сипаттама беріңдер:

а) өзенді картадан көрсету;

ә) қай материкте орналасқан?

б) олардың басқа табиғи объектілерге қатысты орны;

в) қайдан басталады, қай бағытта ағады және қайда құяды?

г) шаруашылықта қалай пайдаланылады?

ғ) өзенді қорғау жөнінде қандай шаралар жүргізілуде және оған қатысты қандай шаралар қабылдау қажет?

 

ӨЗЕНДЕР

Мынадай ұғымдарға анықтама беріңдер:

1.Өзеннің құламасы.

2.Өзеннің еңістігі.

3.Өзеннің су шығыны және жылдық ағыны.

4.Өзендердің су жинауы және режимі

5.Өзен жүйелері мен өзен алаптары.

 

Мынадай жоспар бойынша Ресейдің бір өзеніне сипаттама беріңдер.

1.Өзен аты............................................................................................

2.Өзеннің басталар жері, ағысы, сағасы............................................

3.қай мұхит алабына жатады?............................................................

4.Қоректену типі..................................................................................

 

Берілген сөздердегі әріптердің орнын ауыстырса, Қазақстандағы өзен аттары шығады. Соларды табыңдар.

1.уш....................................

2.елі....................................

3.айжық.............................

4.лесіп...............................

5.олбыт.............................

6.сіле.................................

Сарамандық жұмыс

Тақырыптық карталар бойынша өзеннің су жинау режимін, жылдық ағын ерекшеліктерін, құламасын, өзенді шаруашылққа пайдалану мүмкіндіктерін анықтаңдар.

 

Ангара өзені немесе таңдау бойынша басқа өзен

1.Қай мұхиттың алабына жатады?

2.Ағысының сипаты

3.Су режимі типі

4.Су жинау көздері

5.Өзеннің еңістігі мен құламасы

6.Сағасындағы судың шығыны және жылдық ағын

7.Шаруашылыққа пайдалану мүмкіндіктері

 

 

 

 

 

 

 

 

5-тақырып.ГИДРОСФЕРА

 

Өздік жұмыс

10-суретке қарап, көл қазаншұңқырлары пайда болуы жағынан қандай түрге бөлінетінін анықтаңдар.

 

 

Мұздықтар туралы кейбір деректер

1.Солтүстік Мұзды мұхитта мұз қалқаны ең көп жерді қамтиды. Оның ауданы-12 600 000 км2.

2.Антарктидадағы аса ауқымды жерлерді қамтитын мұздықтың ауданы 13 802 000 км2 –ге созылады.

3.Материктік мұз қалқанының қайраңында орналасқан шеткі бөлігінің біраз жері теңіз түбіне тіреліп жатса, біраз бөлігі суда қалқып тұрады. Антарктида материгінің шеткергі алаптарына таралған ең ірі (ауданы-547 350 км2) қайраңдық мұздық-Росс мұздығы.

4.Памирдегі ең ұзын тау мұздығы-Федченко (77 км) мұздығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-тақырып.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАБЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

 

Өздік жұмыс

ТМД елдеріндегі табиғат зоналарының біріне мынадай жоспар бойынша сипаттама беріңдер:

1.Зонаның географиялық орны

2.Жер бедерінің ерекшелігі

3.Климаты

4.Зонада қандай өзен, көл, жер асты сулары бар?

5.Жер бедерінің ерекшелігі

6.Топырағы

7.Осы зонаға тән өсімдік түрлері

8.Осы ортаға бейімделген жануарлар түрлері

9.Адамның шаруашылық қызметінің әсерінен зонаның өзгеруі