Алимбаев Бухарбай Тагаевич Мектеп басшысы портфолиосы есеп Р

Алматы қ. 2-топ Мектеп басшылары курсы

02.12.2016ж.

 

M, N, O тармақтары негізіндегі мониторинг пен эвалюация үдерістерінің алғашқы нәтижелерін талдау негізіндегі даму үдерісі туралы қорытынды есеп

 

Бағдарлама аясында көп нәрсе үйрендім. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталғанын түсіндім. К.Ушинский: "Мұғалім үздіксіз ізденіп, жетіліп отырғанда ғана – мұғалім, ізденуі тоқтаған сәтте оның мұғалімдігі де жойылады”,-деп атап өткен. Сондықтан ұстаз – өз мамандығының шебері болған кезде болашаққа кепіл бола алады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: “Өмір бойы білім алу – әр Қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет”,-деді. Демек, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуіне мұғалімнің еңбегі зор деп ойлаймын. Білім саласында биік шыңға жету үшін алдыңызда қаншама қиындықтар кездеседі. Сол қиындықтарды жеңуге бағыт беретін әдіс-тәсілдерді «Кембридж» бағдарламасынан табуға болады. Өйткені, осы бағдарламаны меңгеріп, әріптестеріме түсіндірген кезде жұмыс жасаудың бірнеше әдіс-тәсілдердің тиімді екенін болжадым. Әр мектептің географиялық орналасқан орнына, материалдық жағдайына және ресурстарына қарай әр түрлі басымдықтары болады. Сол басымдықтарды анықтау үшін оқушылардан, ата-аналардан және мұғалімдерден сауалнама алдым. Сауалнама нәтижесі бойынша мектептің даму жоспарын жасадым. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруды коучинг, тренинг және шеберлік сабақтар арқылы жүзеге асыруды жоспарладым. Коучинг-сессиясын өткізу кезінде мұғалімдер жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауды меңгере бастады. Демек, ұстаздар репродуктивті білім беру мен конструктивті білім берудің айырмашылығын түсінді. Осыдан кейін мұғалімдер өзгеріске толықтай бет бұрады,-деп ойлаймын. Өзгеріс енгізу үшін өзгеріс енгізу тобын және тәлімгерлік жасауды жоспарладым. Менің болжауымша Lesson Study тәсілін сабақта қолдану мұғалімнің кәсіби дамуына, оқушының білім сапасына ықпал етеді. Тізбекті сабақтар өтуді жоспарлауым, тізбекті сабақтар өту барысында мұғалімдер АКТ-ны пайдалана отырып, сабақ өту арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Өзін-өзі бағалауды және формативті баға беруді оқушылар әділ бағалау деп қабылдады. Жалпы білім беретін мектептерде бағдарламаның 7 модулін мұғалімдер жан-жақты талдап, оны жұмыс барысында қолданудың жолдарын іс-жүзіне асырады және әріптестердің кәсіби өсуіне қолдау көрсетеді. Өткізілген іс-шараларды талдау, рефлексия жасау мұғалімдердің кәсіби дамуына әсер етеді деген оймен жоcпарладым. Мұғaлімдердің құзыреттілік біліктіліктеріне қарай даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында көшбасшылықты топтарға бөлдім.

1. Деңгейлік бағдарламаны меңгерген мұғалімдерге қойылатын құзыреттілік талаптарына сәйкес.

2. Жас мамандарға қойылатын құзыреттілік талаптарына сәйкес.

3. Жалпы мұғалімдерге қойылатын құзыреттілік талаптарына сәйкес бөлінді.

Сондай-ақ оқушылардың оқу жетістіктеріндегі өзгеріс, сабақтан тыс іс-әрекет нәтижелері, тәрбие жұмысына және жаңашыл қызметке қатысу, оқытудағы жаңа әдістерді қолдану, соның ішінде АКТ қолдану, жаңаша педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, кәсіби байқауларға қатысу, кәсіби қайта даярлықтан өту және біліктілігін арттыру, педагогтың жұмыс нәтижесін бағалаудың рейтингілік критерийіне сәйкес бөлінді. Сондықтан бөлінген көшбасшылық бойынша әдістемелік пән бірлестік жетекшілерінің оқыту мен оқу үдерісінде төмендегідей мұғалімнің құзыреттілік талаптарын: 1) Бірлестік мүшелерінің жұмыстарының жүйелілігін эвалюациялауына. 2) Тәлімгерлік пен коучинг өткізу жүйелілігіне. 3) Бірлестік мүшелерінің кәсіби дамуын жоспарлауына. 4) Бірлескен жұмыс пен бірлескен оқуды жүзеге асыруын бағалауына көңіл бөлінді. Кучингтер өту нәтижесінде алған білімдерін мұғалімдер сабақта қолдана бастады. Оқыту мен оқудың жаңаша әдіс-тәсілдері бойынша шеберлік сабақтар өткізіліп, өзгеріске бет бұрған ұстаздарға рефлексиялық есеп жазу талаптары қойылды. Бұл мұғалімдердің жазған есептеріне кері байланыс беріліп отырды. Мұндағы мақсат: оқыту мен оқудағы жаңаша әдіс-тәсілдерді меңгеру барысында өзінің кәсіби деңгейін арттырып отыруына ықпал жасау. Ұстаздардың қазіргі ақпараттық қоғамда оқыту мен оқуды жақсартуға ылғи ұмтылыста болуы үшін, бағдарлама идеясы негізінде оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттыру үшін мектепте өткізілген коучинг-сессияларынан соң бақылау мен қадағалауды мұғалімдердің құзыреттілік талаптарының қаншалықты даму үстінде екендігі байқалды. Менің пікірімше, мұғалім өзін бағалауда жоғары бағалайды екен. Өздерінен алынған сауалнама жауаптары бойынша өзін-өзі бағалауда берілген деңгейлік көрсеткіштерінде ауытқулардың байқалғанын жасыруға болмайды. Сондықтан, өзіне-өзі жоғары баға берген мұғалімдермен жеке кәсіби сұхбат өткізу барысында шынайы бағалауға көшу әр мұғалімнің өз міндеті екендігін және өзін-өзі реттеп отыруы қажет екендігін түсідірдім. Демек, бұл жөнінде мұғалімнің құзыретілік деңгейін анықтау үшін сабақтарға ену қажет деп таптым. Осындай жолдармен мұғалімнің құзыреттілігін арттыруға болады,- деп ойлаймын. Құзыреттілігін дамытуға деген қызығушылығы зор, жаңалыққа жаны құмар, шығармашылық ізденіс үстінде жұмысты ұйымдастыра алатын мұғалімдерден 7 топ құрылып, тәлімгер бекітілді. Мектептегі 106 мұғалімнен TALIS сауалнамасының жалпы ақпараттар бөлімінің білім беру саласындағы конференциялар/семинарлар(мұғалімдер немесе ғалымдар өз зерттеулерінің нәтижелерімен таныстырады, білім беру проблемаларын талқылайды) қатысуы бойынша: ) «Курcтaр/ceминaрлaр (мыcaлы, пән бoйыншa,oқыту әдicтeрi бoйыншa oқуғa қaтыcты бacқa тaқырыптa)» қaтыcуы бoйыншa “Ия” дeп 79%, “Жoқ” дeп 21% мұғaлiм жaуaп бeргeн. Әceрi бoйыншa “Әceрi жoқ” дeп 1% мұғaлiм, “Әceрi aз” 14%, “Әceрi oртaшa” дeп 35%, “Әceрi зoр” дeп 50% мұғaлiмнің белгі беруі курстарға, семинарларға, конференцияларға қатысып, өз пікірлерін бөлісіп, тәжірибе ауысып және тәжірибе жинақтау барысында әрбір қатысқан мұғалімнің ұстаздық еткен тәжірибесінде кәсіби деңгейінің өсуі байқалады. Демек, бұл қуанарлық жағдай. «Бiлiктiлiк бaғдaрлaмacы (м, дәрeжe aлуғa бaғыттaлғaн бaғдaрлaмa)» қaтыcуы бoйыншa “Ия” дeп 45%, “Жoқ” дeп 55% мұғaлiм жaуaп бeргeн. Әceрi бoйыншa “Әceрi жoқ” дeп 20% мұғaлiм, “Әceрi aз” дeп 10%, “Әceрi oртaшa” дeп 23%, “Әceрi зoр” дeп 47% мұғaлiм жaуaп бeргeн. Мұғaлiмдeргe өтiлгeн кoучинг, oқушылaрмeн жүргiзiлгeн “Lesson Study” мeн тiзбeктeлгeн caбaқтың өтiлуi мұғaлiмдeрдiң кәciби қoғaмдacтығының aртуынa әceр eттi. Дeгeнмeн, мұғaлiмдeрдiң 100%-ы әдic-тәciлдeрдi игeрe aлмaғaнын бaйқaдым. «Әсері орташа» деген жауапқа 23% ұстаздардың жауап беруі, менің болжауымша, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалімдер меңгере қоймаған.Оқытудағы АКТ дағдылары «Қажет емес» деген жауапқа 11% мұғалім, «Қажеттілігі шамалы» деген жауапқа 29%, «Қажеттілігі орташа» деген жауапқа 30%, «Өте қажет» деген жауапқа 30% ұстаздардың жауап беруі, мектеп ұжымында оқытудағы АКТ дағдыларының деңгейі алдыңғы деңгеймен салыстырмалы түрде қарағанда нәтиженің жоғарылағандығы көрінеді. АКТ дағдылары оқыту мен оқуда мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіре түссе, оқушылардың сабаққа деген ынтасының артуына ықпал етеді,-деп ойлаймын. Демек, АКТ-ны сабақта көп қолдану нәтижелі болмақ.

 

Оқыту тәжірибеңізді жақсартуға бағытталған кәсіби даму жоспары немесе оқу жоспары жайында: «Өзгеріс болған жоқ»,-деп 0%мұғалім, «Аз ғана өзгерді»,-деп 14%, «Орташа өзгерді»,-деп 64%, «Қатты өзгерді»,-деп 22% ұстаздар өз жауаптарын берген болатын.

 

 

Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту тәжірибеңіз туралы: «Әсері жоқ»,- деп 13%, «Әсері аз »,- деп 28%, «Әсері орташа »,- деп 13%, «Әсері зор»,- деп 46% мұғалім тиісті жауаптарын берді. Оқушылардың тәртібі және мінез-құлық проблемаларын шешуде қолданатын әдіс-тәсілдеріңіз, сабақ беретін негізгі пән(дер)іңіз бойынша білім мен түсінік және оқыту тәжірибеңізде оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға көңіл бөлуіңіз сауалнамаларына орташа алғанда 62.5% ұстаздардың «орташа өзгерді»,- деп жауап беруі ұстаздардың еңбек жолында ізденіс бар екенін көрсетті. Алынған сауалнаманы талқылау кезінде ұстаздардың оқыту үдерісінде оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға көңіл аударуда едәуір өзгерістің болғандығы, демек, мұғалімдердің кәсіби дамуында алға қарай жылжу қадамдары жетістікке қарай жетелейді,- деп болжаймын. Атқарылған жұмыстарға зерттеу, талдау, саралау және эвалюциялау үрдісін жоспарланған барлық іс-шараларды бөлінген көшбасшылармен бірлесіп атқарған жұмыстардан көруге болады. Өйткені, жауапкершіліктің көшбасшыларға теңдей бөлініп берілуі жұмыстың нәтижелі болуын көрсетеді.

Е) Оқыту тәжірибеңізде оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға көңіл бөлуіңіз

Ұстаздардың кәсіби дамуында өзгеріске бет бұрмауға ешқандай негіз жоқ,- деп ойлаймын. Аз да болса ұжымда өзгеріс пен өзгеруге ұмтылыс бар. Сондықтан, оқушыға берген білімнің қаншалықты мазмұнын, құндылығын, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жеткізу үшін кәсіби дамуды біліктілікті арттыруды қажет,- деп таптым. Кәсіби дамуға бағытталған жұмыс түрлерінің қол жетімді болуын қайта қарап шығуды және әрдайым назардан шығармау керек деп ойлаймын. Өйткені мектептегі мұғалімдерден алынған сауалнамадағы алған бағасы мен берілген кері байланыстан өзгеріске түсуді орташа дәрежеде десек болады. Кері байланыстың ықпалын арттыру мақсатында сыртқы қоғамдастықты күшейту,яғни, көрші мектептермен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату, бір-біріне кәсіби қолдау көрсету қажет деген пікірдемін.

Менің болжауымша, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, білім беруде АКТ-ны сабақта көбірек қолдану нәтижелі болмақ. Мектепті дамыту жоспарын жүзеге асыру мақсатында 8 оқу тобы, педагогикалық кеңестің шешімімен құрылды. Жетекшілері болып К.А., Ю.Ш., Н.Ж., Қ.Ә., Қ.К., О.Б., С.Р. және Қ.А. бекітілді. Осы топтарда сенімділік пен белсенділік қалыптастыру үшін әдістемелік көмек, кәсіби көмек көрсетіп, қолдау көрсеттім. Қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді жоспар жасауға бағыт беріп отырдым. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында: «Талантты және дарынды балдарды оқыту», «Білім беруде АКТ-ны пайдалану», «Бағалау мәдениетін қалыптастыру», «Білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдер», «Топтық жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыптарында коучинг-сессиялары өткізілді. Сыни тұрғыдан ойлау туралы таныстырылым, бейнебаян арқылы пікірталас, талдау, интербелсенді әдістерге жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргізіліп, өз ойларын постер жасап қорғап отырды. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша, бірін-бірі бағалауды, бір-біріне рефлексия (кері байланыс) жасауды үйренді.

Мұғалімдер арасында жаңа әдіс-тәсілдерді меңгертуде мектеп мәдениеті үлкен рөлге ие. Соның нәтижесінде мұғалімдер арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды,- деп ойлаймын. Сонымен қатар, мұғалімдердің теориялық білімдері жетілдірілді. Атап айтқанда, Кембридж ұсынған әдіс-тәсілдерден, мақсат қою «SMART», талдау «SWOT», Маслоудың қажеттіліктер иерархиясының бес сатысы, Карл Роджерстің «Мен» тұжырымдамасы, Бандураның «Өзіндік тиімділік туралы пікірі», Макбеттің дарынды балаларға арналған сипаттамасы туралы теориялық білімдерін жетілдіріп, ДЖИГСО, Блум таксономиясы, Кейс стади, Lesson Study, желілік қауымдастық, диалогтық оқыту, рефлексия, кері байланысты, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауды өз іс-тәжірибелерінде тиімді қолдана білді. Менің пікірімше, мұғалім оқушы мен сырласа білсе, оқушының пікірін бағайлай білсе, бағасын әділ берсе жұмыс нәтижелі болады. Сондықтан, мектеп қабырғасына «Оқушы үні» стендісін жасатып, ілуді жөн көрдім. Әр сыныпқа кіріп, сабақ үдерісіндегі жаңалықтарды, мұғалімнің сабақты ұйымдастырудағы жетістіктері мен кемшіліктері туралы өзгерісті байқағандығы туралы қабырғадағы стендке өз ойларын стикерге жазып, жапсыруын өтіндім. Оқушылар мектептегі сабақтардың қызықты өтіліп жатқаны, өзгеше әдіс-тәсілдермен берілген өзгерісті байқағандығын білдім. Дегенмен, өзгеріске бет бұрмай жүрген мұғалімдер де анықталды. Ол ұстаздармен жеке кәсіби сұхбат жүргіздім. «Оқушы үнін», оқушылардың пікірлерін тыңдауды жөн көрдім. Олар мектепте сабақтардың қызықты өтіліп жатқанын және де мұғалімдердің сабақты ұйымдастырудағы өзгерісті байқағанын жеткізді. «Оқушы үні» стендісінен алынған оқушылардың пікірлерінің бірінде Е.Ұ.: «Маған бұрынғы сабақтар қызықсыз әрі көңілсіз болатын.Ол кезде бізден гөрі мұғаліміміз көбірек сөйлейтін. Сабақты 4-5 оқушы ғана айтатын. Қазір біз топпен жұмыс жасаймыз. Топта сабаққа қатыспай қалған оқушы болмайды.Бағалау парағына өзің балл қоясың. Қай тапсырманы білмегеніңді біліп тұрасың. Ешқандай өкпелеу болмайды. Әркім өз шамасын біліп отырады. Сабақ оқымайтын Д.Н. сурет сала алады екен. Біз постер қорғағанда оның көмегі тиді. Топта әңгімелегенде ол да түсініп алды. Осы жағынан бұл сабақтар маған ұнады».

Тарих пәнінің мұғалімі М.О.пікірі: Бұл бағдарламаның әдіс-тәсілдері менің пәніме өте қолайлы екен. Оқушыларыма топ ережесін құру, сақтау, ДЖИГСО, INSERT, эссе жазу, Бейнебаян бойынша ойларын еркін жеткізу ұнады. Олар өтілген сабаққа, айтылған пікірге сыни тұрғыдан ой білдіре бастады. Ең бастысы үндемей қалған оқушы болмайды. Әдіс - тәсілдерді пайдалану жолдарын әлі де жетілдіре түскім келеді. Сабақтағы оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауды тиімді ұйымдастыра отырып, зерттеуге алынған 10-сыныптағы тарих пәні бойынша М.О. тізбектелген сабақтар топтамасын өтті. Сабақтардың тақырыбы: “Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы”, “Қазақстанның Ресейге қосылуы”, “Кіші жүзбен орта жүздің қосылуы”, “Абылай хан саясаты”, “Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы”. Сабақтың барысы «Блум таксономиясы» білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау кезеңдері бойынша ұйымдастырылды. Сабақ соңында Байтерек ағашына стикерлерге жауаптарын жазып, жапсырып жатты. Бір топтың мүшелерімен сұхбат жүргізгенімде сабақтың қатты ұнағанын, сергіту әнін тыңдап, алған әсерін суреттеп, топпен бір адамдай жұмыс жасап, өзара келісімге келіп, топ ережесін сақтап, әсіресе сергіту сәтіндегі өн бойындағы жаман әдеттен арылып, сілкініп тастап, жеңілдеп қалғандықтары жайында жарыса айтты. Демек, сабақ үрдісі оқушыларға қатты ұнағаны байқалды. Менің болжауымша, мұндай сабақтардың дәстүрлі сабақтан тиімділігі білім сапасын арттыруға ықпалы зор. Мұғалім жаңа әдіс-тәсілдерді сабағында қолданып, сабақты түсіндірмей оқушыларға бағыт беріп, өздерін ізденуге дағды қалыптастырса сабақ сапалы болар еді, әрі оқушылар белсенді түрде сабаққа қатысар еді,- деп ойлаймын. Өз сабақтарын өткізген тәлім алушылар қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарлы сабақтарынан соң өтілген сабақтарының өтілуіне, сапасына, тиімділігіне, нәтижелілігіне, рефлексивті пікірлерін жазды. Пікірлер өзгеріс енгізу тобында және кәсіби әңгімеде талқыланып, қосымша бағыт-бағдарлар берілді. Осы бағытпен жүріп отырсақ, жаңылмаймын,- деп ойлаймын. Мектептегі іс-әрекетті зерттеу жұмысы ретінде Lesson Study тәсілінің тиімділігін түсініп, іс-жүзінде қолдануды қолға алуды жөн көрдім. Бұл тәсілдің оқу сапасына өте тиімділігіне әріптестерімнің көзін жеткізу мақсатында өзгеріс енгізу тобынан 5 мұғалімді осы тәсілді қолдануға тікелей қатыстырдым. Lesson Study-ді тізбектелген сабақтар топтамасында бір сыныпта жүзеге асыруды тиімді деп таптым. Lesson Study өткізген мұғалімдердің айтуынша, бұл тәсіл мұғалімге кәсіби жетілуге көмектеседі. Жаңа формация мұғалімі – білімнің өзіндік құндылығын түсіне алатын, рефлексия жасай алатын, жүрегі жаңалыққа жақын, кәсіби дағдылары қалыптасқан педагогикалық дарын болуы тиіс екенін түсіндірдім. Оқушының өзі белсенді түрде білім алуға ұмтылғанда ғана сапалы білім ала алатынына көз жеткіздік. Адам өзінің өміріне ненің қажетті, неге мұқтаж, не мағыналы екендігін анықтаған кезде ғана сол нәрселер оны қызықтыра бастайды. Оқушының білім алуға, үйренуге деген ынтасы, қызығушылығы, құлшынысы болмаса оқу нәтижесінің мардымды болуы екі талай. Қызығушылықтың білімге деген құштарлыққа айналуы оқушының берілген материалды түсінуі мен қабылдауына байланысты. Осы түсіну арқылы оқушы білімнің өзіне қажет екенін, пайдалы екенін біледі және өмірде пайдалана алады. Оқушы алған білімін дамыту үшін, білімге деген қызығушылығын, білімге деген құштарлыққа айналдыруы керек. Құштарлық адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі. Ол шексіз қиял мен ой еркіндігіне алып барады. Сол кезде ғана оқушы өздігінен ізденіп, ғылымды дамытуға үлес қосатын ізденімпаз, шығармашыл тұлғаға айналады. Сол қызығушылықты оята білу, мұғалімнің шеберлігіне көп байланысты. XXI ғасыр – жаңа білім мен технология ғасыры болғандықтан мұғалімдердің алдына үлкен талаптар мен міндеттер қойылуда.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: “Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр”,- деді. Демек, ұстаздың қолында болашақ ұрпақтың тағдыры және Қазақстанның тағдыры тұр десек те артық етпес. Сондықтан, елбасы сенімін ақтап, Қазақстанның келешегін кемел ететін ұрпақты тәрбиелеу жолында мұғалімнің атқаратын жұмысы орасан болуы тиіс. XXI ғасырдың оқушысы жан-жақты дамыған, заманауи әдіс-тәсілдермен қаруланған мұғалімді күтеді. Мектеп көшбасшысы ретінде және көшбасшылар болып елбасы сенімін ақтауда әріптестерімізге «Кембридж бағдарламасын» меңгертіп, келешек ұрпағымызға толыққанды білімді бағындырып, биік шыңдардан көрінуіне аянбай еңбек етеміз!