Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................2

1. Семей стансасына техникалық сипаттама..........................................4

2. Семей станса кезекшісінің міндеті..........................................................5

3. Семей станса кезекшісінің операторының міндеті............................10

4. Семей станса орталықтандыру қосыны оператрының міндеті.....13

5. Техника қауіпсіздігі..................................................................................17

Қорытынды..........................................................................................................19

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан темір жолдарының халықаралық қызметінің мақсаты-жолаушылар мен жүктерді тиімді тасымалдауды қамтамасыз етуде әртүрлі мемлекеттердің теміржол әкімшіліктерінің ынтымақтастығына жан-жақты көмек ету. Темір жол жұмысының өзіндік ерекшеліктері бар. Теміржол көлігінің кәсіпорындары құрылыстары ұлан-байтақ аумақта орналасқан.Мындаған теміржол стансалары, айырылымдар, деполар , жол дистансиялары,көпірлер сигнализация және байланыс құрылғылары, электрмен жабдықтау дистансалары , есептуәш орталықтар, жүк және жолаушылыарды тасыымалдау жоспарын орындауға бағытталған кідіріссіз және үйлесімді жұмыстың орындалуын қамтамасыз ету. Теміржол көлігімен тасымалдау үрдісі қалыатасқан ауа райы мен климаттық жағдайларға қарамастан жылдың кез келген маусымында, күндіз-түні үзіліссіз атқарылады.

Тәуелсіздігін алғалы Қазақстан темір жолдары өздерін екі жақты негізінде және көптеген мемлекет аралық ұйымдар құрылымдар құрамында өзара пайдалы ынтымақтастықты көздейтін тең және егеменді серіктес ретінде дүниеде жариялады. Қазақстан темір жолдары ұлттық компаниясы қызметінің негізгі мақсаттарының бірі-ол Қазақстанның транзиттік әлуетін өткізу,көтеру.Қазақстан экономикасының шикізатты бағытына байланысты ,теміржол көлігі Қазақстан Республикасының көлік-комуникациялық кешенінде маңызды роль ойнайды. Қазіргі кезде Қазақстанның тасымалдау мұқтажының ұзындығы 14530 км. Солтүстік ,Оңтүстік және Батыс теміржолдар аймағы өтеп отыр. Теміржолдың Оңтүстік аймағы Шымкент, Жамбыл, Талдықорған, Семей және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды.Бұларда өндіріс және ауыл шаруашылығы ,металлургия , химия, машина жасау, құрылыс материалдарын және халық тұтынатын тауарлар шығару салалары орналасқан. Ет, сүт, және басқа өнімдерді тасымалдады.Жалпы айтқанда ,аталған теміржол бағыттары еліміз үшін өте аз. Үлкен территорияны алып жатқан Қазақстан үшін барлық аудандарды қосатын екі жақты теміржол тораптары қажет. Қазақстан Республикасының темір жолдары арқылы халықаралық тасымалдаулар Оңтүстік Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы байланысты сәтті жүргізуге мүмкіндік береді. Оңтүстік Шығыс Азия теңіз кемежайларынан Батыс Еуропа мемлекеттері және олардың теңіз кемежайларына дейін созылған Еуро-Азиялық магистраль, сонымен қатар Азия мемлекеттерін өзара және Еуропа елдерімен байланыстыратын Транзациялық магстраль Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының темір жолдарын пайдалану негізінде қалыптаса жоғары көліктік транзиттік әлуетке қол жеткізу мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде 2000 жылдан бастап жүк айналымының өсуіне байланысты қолданылып жатқан теміржолдар жалпы жүк айналымының көлемін тасмалдауға қанағатсыз жағдайда. Яғни, Қазақстан теміржолдарының көбісі бір жақты болғандықтан тасымалдау кезінде уақыт жағынан ұтылады. Жоғарыда айтылған теміржол бағыттарының кемежайларымен байланысы және өнеркәсіптік жерлермен өтуі экономикалық тұрғыдан пайдалы. Дегенмен , дамушы мемлекетіміз үшін бұл қанағаттанарлықсыз , сондықтан да біз 2030 бағдарламасын толығымен орындауымыз үшін еліміздің көлік және коммуникация саласына да көңілімізді аударуымыз тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Семей стансасына техникалық сипаттама

 

Семей станциясы класстан тыс және телімдік станцияға жатады.

Станцияға жатқан іргелес аралықта әр жолда сандары көрсетілген, сигнализация және байланыс орнатылған.

Тақ бағыты бойынша:

Семей-пост Левый Иртыш –екі жолды аралық;

- I-ші басты жол аралығы – екі жақты автоматты блокировка орнатылған және өтпелі бағдаршамдар орнатылмаған.

- III-ші басты жол аралығы – бір жақты автоматты блокировка орнатылған және өтпелі бағдаршамдар орнатылмаған АЛС құрылғыларымен жабдықталған.

Жұп бағыты бойынша:

Семей-Дюсакен – бір жолды аралық, микропроцессті жартылай автоматты блокировкамен жабдықталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Семей станса кезекшісінің еңбек міндеттеріне:

 

1) темір жол көлігін техникалық пайдалану ережелерін, темір жол көлігіндегі пойыз қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты, темір жол көлігіндегі сигнал беру жөніндегі нұсқаулықты, пойыздардың қозғалыс кестесін, жүк пойыздарын құрастыру жоспарын, станция техникалық-жарлық актісін, оның қосымшаларын, станция жұмысының технологиялық процесін, қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін, станция сұлбасын, жергілікті нұсқаулықтарды, кітаптар мен журналдарды жүргізу тәртібін, жүк және жолаушы пойыздарының жүріс кестесін, СОБ құрылғыларына күтім және жөндеу жүргізу, жол жұмыстарын жүргізу барысында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты, АБЖСТ жүйелерінің, диспетчерлік байланыс құрылғыларының жұмыс тәртібін және пайдалану ережелерін, станцияны пайдалану жұмыстарының көрсеткіштерін және пайдалану жұмыстарының техникалық нормаларын, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның, жол бөлімшесінің, станцияның бұйрықтары мен өкімдерін, пойыз қозғалысына және маневрлік жұмысқа қатысты басқа да нормативтік техникалық құжаттаманы белгіленген көлемде білу және сақтау;

2)орталықтандыру қосыны операторының, ДСП операторының, сигналшылардың, парк кезекшісінің жұмыстарына басшылық жасау және олардың лауазымдық міндеттерін орындауларын қадағалау;

3)пойыздардың уақытында және қауіпсіз қабылдануын, жөнелтілуін қамтамасыз ету;

4) қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневр жұмыстарын басқару,

5) СЦБ құрылғылары істен шыққан жағдайда орталықтандыру қосыны операторына, сигналшыларға, парк кезекшісіне, пойыз құрастырушыларға қабылдау-жөнелту жолдарында маршрут даярлау жөнінде бұйрық беру және олардың баяндауына қарап, берген әмірлерінің дұрыс орындалуын қадағалау;

6) көршілес станциялардың кезекшілерімен, пойыз диспетчерлерімен және станцияға жанама аралықтардағы пойыз локомотивтерінің машинистерімен байланыс жасау, сонымен қатар локомотив депосының кезекшісімен пойыз қозғалысына қатысты келіссөздер жүргізу ;

7) ДСПП арқылы локомотив машинистеріне барлық пойыздарға пойыз ескертпелерін және Семей-Дүйсекен арлығында болуына, ЭЦ операторы арқылы Семей-Левый Иртыш аралығында болуына рұқсатнама беру;

8) ДСП операторының пойыздар мен локомотивтер қозғалысының үстел журналын, вагондар мен пойыздарды техникалық, коммерциялық тексерулерге беру кітабын, диспетчерлік өкімдер журналын, пойыз ескертпелерінің бланкілерін, өзінің ескертпелерді жазу кітабын, пойыз телефонхаттары журналын, ДСП тіркелетін бұйрықтары кітабын, станция кезекшісінің ескертулері кітабын, станцияда пойыздарды өткізудің бұзылуы оқиғаларын және пойыздардың жабық кіру бағдаршамының жанында кідірулерін тіркеу және тексеру журналын жүргізу;

9) жөнелту алдында тасымал құжаттарының локомотив бригадасына берілуін қадағалау;

10) 1-қосындағы парк кезекшісі арқылы локомотивтерге, моторвагонды және өздігінен жүретін арнаулы құрамға магистральдық темір жол желісіне шығуға техникалық және технологиялық рұқсат беру ережелеріне сәйкес мотовоздар, дрезиналар және басқа ведомстволардың локомотивтері жүргізушілерінің құжаттарын тексеру және олардың вагондарының бар-жоғын тексеру;

11) ДУ-46 журналына қол қою арқылы айлық комиссиялық тексеру актісімен танысу және ауысым бойы кемшіліктердің жойылуына бақылау жасау, кемшіліктер белгіленген мерзімінде жойылмаған жағдайда станция басшыларына хабарлау;

12)құрамдарды, вагондарды техникалық, коммерциялық тексерулерге уақытында беру және олардың жөнелтуге даярлығының жариялануын қадағалау;

13)пойыз қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ерекше жағдайлар туындағанда, күрделі ауа райы жағдайында пойыздарды қабылдау-жөнелту және маневр жұмыстарын жүргізу барысында нұсқаулықтарға сәйкес әрекет ету;

14) станцияның қабылдау-жөнелту жолдарындағы және тұрыс жолдарындағы 1ВМ класты жүгі бар вагондардың қозғалысын жеке қадағалау;

15)орындалған жүріс кестесінде қабылдау-жөнелту жолдарының бос еместігі туралы нақты есеп жүргізу;

16)СОБ, байланыс, автоблоктау құрылғылары істен шыққан жағдайда ПҚН, станция ТЖА-мен қарастырылған құжаттарды ресімдеу арқылы пойыз қозғалысын ұйымдастыру және қозғалыс тәртібін белгілеу;

17) №272 түсіргіш ұштаманың Мелентьев кілтін пойыз құрастырушыға арнаулы журналға қол қойғызу арқылы беру және оны кері алу, сақтау;

18) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша тексерудің 1-сатысы журналына жазу арқылы бақылаудың 1-сатысын жүргізу;

   19) халықаралық стандарттар талаптары негізінде интеграцияланған менеджмент жүйесін енгізуге, талаптарын сақтауға және жұмыс жағдайында ұстауға қатысу;

20) жұмысты кәсіпорынның сапа саласындағы саясатына сәйкес жүргізу;

21)станцияның пайдалану жұмыстары жоспарын орындау;

22) торап бастығының және оның орынбасарларының тапсырмаларын орындау;

23) пойыз құжаттары мен техникалық құжаттамада түзетулер мен қателер жасамау;

24) пойыз құжаттары мен техникалық құжаттаманың, жұмыс орнындағы мүкаммалдың, соның ішінде курбельдердің тиісті түрде ұсталуын және сақталуын қамтамасыз ету,

25) еңбек тәртібін және орындаушылық тәртіпті, ішкі еңбек тәртіптемесі ережелерін және жұмыс режимін сақтау;

26) осы лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған еңбек міндеттерін сапалы және дер кезінде орындау;

ДСП станция кезекшiсi

27) қызметтік формулярының, қызметтік куәлігінің, лауазымға және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша емтихан тапсырғаны туралы куәліктерінің болуы;

28) қызметтік құжаттарды қарау және шешімдерді қабылдау кезінде бюрократтық көріністерге және шұбалаңдыққа жол бермеу, сондай-ақ олар бойынша Қоғамның жергілікті актілерімен белгіленген мерзімдерде қажетті шаралар қабылдау;

29) Қоғам беделінің және имиджінің нығаюына қолғабыс ету;

30) Іскерлік этика нормаларын және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен белгіленген корпоративтік мәдениетті сақтау;

31) ұқыптылық және өзіне және қарамағындағы еңбеккерлерге талап қоя білушілік;

32) Қоғамның басқа қызметкерлерін құрметтей білу, этикалық нормаларды сақтау;

33)биязы, әдепті болу, іскерлік қатынас нормаларынан ауытқуға жол бермеу;

34) кәсіби қасиеттерді жетілдіру, еңбек міндеттерін орындау кезінде бастама көтере білу және творчестволық тұрғыдан келу, озық тәжірибені пайдалану, әріптестеріне олардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде қолдау көрсету;

35) әріпестері мен басшылардың сындары мен ескертулерін оң қабылдау, сондай-ақ жіберілген қателіктерді дер кезінде мойындай білу;

36) жинақылық және ұқыптылық, еңбек міндеттерін орындау кезінде формалы киім үлгісін сақтау;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Семей станса кезекшісінің операторының міндеттері

 

1)темір жол көлігін техникалық пайдалану ережелерін, темір жол көлігіндегі пойыз қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты, темір жол көлігіндегі сигнал беру жөніндегі нұсқаулықты, пойыздардың қозғалыс кестесін, жүк пойыздарын құрастыру жоспарын, станция техникалық-жарлық актісін, оның қосымшаларын, станция жұмысының технологиялық процесін, қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін, станция сұлбасын, жергілікті нұсқаулықтарды, кітаптар мен журналдарды жүргізу тәртібін, жүк және жолаушы пойыздарының жүріс кестесін, ақпаратты АБЖСТ-ға енгізу ережелерін және тәртібін, АБЖСТ жүйесінің, диспетчерлік байланыс құрылғыларының жұмыс тәртібін және пайдалану ережелерін, станцияны пайдалану жұмыстарының көрсеткіштерін және техникалық нормаларын, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жол бөлімшесінің, станцияның бұйрықтары мен өкімдерін, пойыз қозғалысына және маневр жұмыстарына қатысты басқа да нормативтік техникалық құжаттаманы белгіленген көлемде білу және сақтау;

2)пойыздардың келу жоспары туралы вагондардың саны, салмағы көрсетілген ақпаратты қабылдау, маневр диспетчерін және станция кезекшісін және вагон пайдалану депосының операторын сол ақпаратпен таныстыру;

3)пойыздардың іс жүзінде келуі және жөнелтілуі туралы ақпаратты ТТҚ операторына, пойыз және маневр диспетчерлеріне беру; СТО операторларына құрастырылған пойыз құрамдарының шығарылған жолын, келген пойыздардың нөмірін, келу уақытын, қабылдау жолын хабарлау;

4)пойыз диспетчерлеріне вагондардың, біліктерінің саны, салмағы, пойыздың шартты ұзындығы, вагондардың түрі, пойыздың және тепловоздың нөмірі, жөнелту жолы, машинистің фамилиясы, локомотив бригадасының жұмысқа шығуы және олардың бақылау қосынынан өтуі туралы ақпарат беру;

5)журналға жазу арқылы жол бөлімшесінен тіркелетін бұйрықтарды қабылдау, қатыстыларды онымен қол қойғызу арқылы дереу таныстыру;

6) ДУ-58, ДУ-3 журналдарын, вагондар мен құрамдарды техникалық және коммерциялық тексерулерге беру кітаптарын, 1ВМ класты жүгі бар вагондар жазу, жолаушы пойыздарына вагондарды тіркеу мен ағыту кітаптарын жүргізу;

7)ескертпелер бланкілерін толтырады, оларды ДСПП арқылы, қажет болған жағдайда өзі локомотив машинистеріне тапсыру;

8)жолаушы пойызының өткізілуі, жолаушы пойызының шығарылғаны, локомотивтің құрамнан ағытылғаны, пойыздың жөнелтуге даярлығы, пойыздың жөнелтілгені, пойыздың қалдырылғаны, локомотивтің резервте келгені туралы шынайы ақпаратты АБЖСТ жүйесіне мерзімінде енгізу;

9) СОБ және байланыс құрылғылары істен шыққанда станция кезекшісінің нұсқауымен пойыз құжаттарын даярлау;

10) пойыздардың қозғалысы туралы депо кезекшісімен, пойыз диспетчерімен келіссөздер жүргізу;

11) станцияның пайдалану жұмысының жоспарын орындау;   

12)халықаралық стандарттар талаптары негізінде интеграцияланған менеджмент жүйесін енгізуге, талаптарын сақтауға және жұмыс жағдайында ұстауға қатысу;

13) қызметін кәсіпорынның сапа саласындағы саясатына сәйкес жүргізу

14)пойыз құжаттары мен техникалық құжаттамаларда қателіктер мен түзетулер жасамау;

жұмыс орнындағы пойыз құжаттары мен техникалық құжаттаманың тиісті түрде ұсталуын және сақталуын қамтамасыз ету,

15) еңбек тәртібін және орындаушылық тәртіпті, ішкі еңбек тәртіптемесі ережелерін және еңбек режимін сақтау;

16) осы лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған еңбек міндеттерін сапалы және дер кезінде орындау;

17) қызметтік куәлігінің, лауазымға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша емтихан тапсырғаны туралы куәліктерінің болуы;

18) станция басшыларының тапсырмаларын орындау;

19) Қоғам беделінің және имиджінің нығаюына қолғабыс ету;

20) іскерлік этика нормаларын және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен белгіленген корпоративтік мәдениетті сақтау;

21) ұқыптылық және өзіне талап қоя білушілік;

22) Қоғамның басқа қызметкерлерін құрметтей білу, этикалық нормаларды сақтау;

23)биязы, әдепті болу, іскерлік қатынас нормаларынан ауытқуға жол бермеу;

24) кәсіби қасиеттерді жетілдіру, еңбек міндеттерін орындау кезінде бастама көтере білу және творчестволық тұрғыдан келу, озық тәжірибені пайдалану, әріптестеріне олардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде қолдау көрсету;

25) әріпестері мен басшылардың сындары мен ескертулерін оң қабылдау, сондай-ақ жіберілген қателіктерді дер кезінде мойындай білу;

26) жинақылық және ұқыптылық, еңбек міндеттерін орындау кезінде міндетті формалы киім үлгісін сақтау;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Семей станса орталықтандыру қосыны операторының міндеттері

 

1) темір жол көлігін техникалық пайдалану ережелерін, темір жол көлігіндегі пойыз қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты, темір жол көлігіндегі сигнал беру жөніндегі нұсқаулықты, пойыздардың қозғалыс кестесін, станция техникалық-жарлық актісін, оның қосымшаларын, станция жұмысының технологиялық процесін, станция сұлбасын, жергілікті нұсқаулықтарды, жүк және жолаушы пойыздарының жүріс кестесін, СОБ құрылғыларына техникалық күтім жасау және жөндеу жұмыстарын, жол жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты, «ҚТЖ» ҰК» АҚ , жол бөлімшесінің, станцияның бұйрықтары мен өкімдерін, пойыз қозғалысына және маневр жұмыстарына қатысты басқа да нормативтік техникалық құжаттаманы белгіленген көлемде білу және сақтау;

2)станция кезекшісінің өкімі бойынша СОБ құрылғыларын басқару, бағдаршамдарды ашу, пойыздарды қабылдау, жөнелту маршруттарын, пойыз локомотивтерін деподан және депоға өткізу, маневрлік қозғалыстар маршруттарын даярлау;

3)басқарудың бақылау приборлары арқылы жолдардың, бағыттама бөліктерінің бостығын, маршруттың дұрыс даярлануын тексеру;

4)нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес бағыттамалардың тұтқаларына қызыл қалпақшаларды қою;

5)станция кезекшісінің және МЭЦ операторының мақұлдауымен орталықтандырылған бағыттамаларды жергілікті басқаруға беру;

6) ТТҚ операторының сұранымы бойынша станция кезекшісінің нұсқауымен қабылдау-жөнелту жолдарындағы құрамдарды оқшаулау және оқшаулауды алу;

7)СОБ және байланыс құрылғыларының жұмысын бақылау, барлық бұзылыстар мен нормадан ауытқуларды дереу станция кезекшісіне хабарлау;

8)парктік байланыс арқылы жол, сигнал беру және байланыс дистанциялары еңбеккерлеріне бағыттамалардың бұрылуы, маневрлік қозғалыстар, пойыздарды қабылдау, жөнелту туралы хабарлау;

9)кезекшілікті қабылдағанда пульт-таблодағы пломбалардың, ілме құлыптардың, қызыл қалпақшалардың болуын, курбельдердің болуын және пломбалануын, есептегіштердің көрсеткіштерін тексеріп, нәтижесін кезекшілікті қабылдау-тапсыру журналына белгілеу, олқылықтар анықталған жағдайда станция кезекшісіне дереу мәлімдеу;

10) пойыз құжаттары мен техникалық құжаттаманың, жұмыс орнындағы мүкаммалдың тиісті түрде ұсталуын және сақталуын қамтамасыз ету,

11) қызметтік куәлігінің, лауазымға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша емтихан тапсырғаны туралы куәліктерінің болуы;

12)еңбек тәртібін және орындаушылық тәртіпті, ішкі еңбек тәртіптемесі ережелерін және еңбек режимін сақтау;

13) осы лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған еңбек міндеттерін сапалы және дер кезінде орындау;

14) станция басшыларының тапсырмаларын орындау;

15) Қоғам беделінің және имиджінің нығаюына қолғабыс ету;

16) іскерлік этика нормаларын және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен белгіленген корпоративтік мәдениетті сақтау;

17) ұқыптылық және өзіне талап қоя білушілік;

18) Қоғамның басқа қызметкерлерін құрметтей білу, этикалық нормаларды сақтау;

19)биязы, әдепті болу, іскерлік қатынас нормаларынан ауытқуға жол бермеу;

20) кәсіби қасиеттерді жетілдіру, еңбек міндеттерін орындау кезінде бастама көтере білу және творчестволық тұрғыдан келу, озық тәжірибені пайдалану, әріптестеріне олардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде қолдау көрсету;

21) әріптестері мен басшылардың сындары мен ескертулерін оң қабылдау, сондай-ақ жіберілген қателіктерді дер кезінде мойындай білу;

22) жинақылық және ұқыптылық, еңбек міндеттерін орындау кезінде формалық киім үлгісін сақтау;

Оператор ПЦ пульт-табло

 

23)Қазақстан Республикасы заңнамасының, мемлекеттік органдардың, Дара Акционердің актілерінің, және Қоғамның қызметіне қатысты өзге құжаттардың нормалары мен талаптарын сақтау;

24) кәсіптік функцияларын адал әрі дұрыс, лайықты ұқыптылықпен және сақтықпен, Қоғамның және Дара акционердің мүдделерін ескере отырып, дау-дамайға бармай орындау;

25) өзінің іске деген қатынасымен және жеке қарым-қатынасымен еңбек ұжымында тұрақты әрі дұрыс моральдық-психологиялық ахуал тудыруға көмек көрсету;

26) құпиялылықтың және Қоғамның жергілікті актілерінің нормаларын бұзбай, дер кезінде шүбәсіз ақпарат беру;

27) басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;

28) еңбек шартының, корпоративтік басқару кодексінің және Қоғамның (жұмыс берушінің) басқа да жергілікті актілерінің талаптарын сақтау;

29) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтау

30)халықаралық стандарттар талаптары негізінде интеграцияланған менеджмент жүйесін енгізуге, талаптарын сақтауға және жұмыс жағдайында ұстауға қатысу;

31) қызметін кәсіпорынның сапа саласындағы саясатына сәйкес жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.Техника қауіпсіздігі

 

Стансадағы жұмыстар бірнеше факторлармен байланысты, олар біздің жұмыскерлеріміздің денсаулығына теріс әсер етеді: жұмыстың ауырлығы мен шиеленсітігі, шу, вибрация, қараңғы болуы, химиялық фактор. Ол желідегі аралас құрылыммен байланысты. Локомотивтік және вагондық шаруашылық, жолдар шаруашылығы, электрификация мен электроқамтамасыз ету қауіпті және зиянды өндіріске жаұын. Еңбекті қорғаудың аталған жүйесі темір жолда жалпы алғанда онжылдықтар бойы қалыптасты.

Әрбір жағдайда да жекелеген локомотив маневры қозғалысында, сұрыптау бекетінің аралас жолында жұмыс істеушлерге кезекші радиобайланыс арқылы хабарлайды осы локомотивтерлің шектерін хабарлау арқылы және әрбір машинисінің команданы нақты қайталауы арқылы рұқсат етіледі. ДСПГ шектеу бұрмасының басына қызыл қалпақтар іледі.

Екінші маневрдағы екі немесе одан да көп маневрлық жұмыстар ДСПП құру паркінен радиобайланыс арқылы берілетін командамен рұқсат етіледі.

Темір жол көлігі қызметкерлерінің негізгі міндеттері ретінде қозғалыс қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің сақтанымдылығын сөзсіз қамтамасыз ете тұрып жолаушыларды, жүктерді багажды және жүк багажын тасымалдауға деген қажеттіліктерді қанағаттандыру, техникалық құралдарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны өорғау жөніндегі талаптарды орындау болып табылады.

Поездар қозғалысына қатысты бар әр қызметкер өз міндеттерінің шеберінде техникалық пайдалану ережелерін орындау үшін жауапкершілікті болады.

Темір жол көлігінің әр қызметкері адамдардың өмірі мен денсаулықтарына немесе қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайларда поезға немесе маневр жасаушы құрамға сигнал беруге және оларды тоқтатудың басқа да шараларын қабылдауға міндетті. Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін немесе қоршаған ортаны ластауы мүмкін құрылыстардың немесе құрылғылардың ақаулығын анықтағаннан кейін қызметкер дереу қауіпті жерді қоршау және ақаулықты жою жөніндегі шараларды қабылдауы тиіс.

Темір жол көлігі қызметкерлерінің негізгі міндеттері ретінде қозғалыс қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің сақтанымдылығын сөзсіз қамтамасыз ете тұрып жолаушыларды, жүктерді багажды және жүк багажын тасымалдауға деген қажеттіліктерді қанағаттандыру, техникалық құралдарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны өорғау жөніндегі талаптарды орындау болып табылады.

Поездар қозғалысына қатысты бар әр қызметкер өз міндеттерінің шеберінде техникалық пайдалану ережелерін орындау үшін жауапкершілікті болады.

Темір жол көлігінің әр қызметкері адамдардың өмірі мен денсаулықтарына немесе қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайларда поезға немесе маневр жасаушы құрамға сигнал беруге және оларды тоқтатудың басқа да шараларын қабылдауға міндетті. Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін немесе қоршаған ортаны ластауы мүмкін құрылыстардың немесе құрылғылардың ақаулығын анықтағаннан кейін қызметкер дереу қауіпті жерді қоршау және ақаулықты жою жөніндегі шараларды қабылдауы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

   Мен бұл өндірістік-техникалық тәжірибие барысында Семей станциясының жұмысымен таныстым: Пойыз және станция бойынша құжаттармен, станция кезекшісінің жұмысымен, пойыздарды қалыптастыру жоспарымен, станция мен телімнің жергілікті жұмысымен, пойыздарды қабылдау-жөнелту кезінде станция кезекшісінің жұмысымен , маневр жұмысымен, бағыттама пост кезекшісінің жұмысымен, СТО жұмысымен, төбешік кезекшісінің жұмысымен, маневр және пойыз диспетчерінің жұмысымен, өрт пойыздарын жөнелту бойынша жұмыстарымен, апаттық жағдайлардағы іс-қимылдарымен, байланыс және сигнал беру құралдарының ақаулығы кезінде пойыздарды қабылдап –жөнелту жұмыстарымен таныстым.

   Өзіме керекті құжаттамалармен, құрылғылармен мамандығымызға қатысты мәліметтер алдым. Алған тәжірибием болашақта маман ретінде қалыптасуыма өзіндік үлесін қосады деп ойлаймын. Тәжірибие барысында теория жүзінде алған білімді тәжірибие жүзінде меңгердім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланыған әдебиеттер

1. Семей стансасының ТБА 2015ж

2. Боровикова М.С. Темір жол көлігінде қозғалысты ұйымдастыру. М. Маршрут, 2003

3. Кудрявцев В.А. Темір жол көлігінде қозғалысты басқару. М.: Маршрут, 2003.

4. Заглядимов Д.П. и др. Темір жол көлігінде қозғалысты ұйымдастыру. М.: Транспорт, 1985.

5. Сотников И.Б. Темір жолды пайдалану тапсырмалар мен есептерде. М.: Транспорт, 1984.

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарты