Егер ортаның берілген нүктесіндегі тербелістерді қоздыратын екі толқынның жол айырмасы бүтін санды толқын ұзындықтарына тең болса , онда әлгі нүктедегі тербеліс амплитудасы максимал болады:

∆d =kλ , мұндағы ∆d = d 2 - d1, k = 0,1,2,... .

d – толқын жолы.

∆d – екі толқынның жол айырмасы.

λ – толқын ұзындығы.

Минимумдар шарты.Егер ортаның берілген нүктесіндегі тербелістерді қоздыратын екі толқын жолдарының айырмасы тақ санды жарты толқындарға тең болса , онда сол нүктедегі тербеліс амплитудасы минимал болады: ∆d = (2k+1) λ / 2.

Егер жол айырымы ∆d , λ мен λ / 2 арасындағы бір аралық мәнді қабылдайтын болса , онда қорытқы тербеліс амплитудасы да екі еселенген амплитуда мен ноль арасындағы бір аралық мәнді қабылдайды.

Орнықты интерференциялық көрініс шығарып алу үшін толқын көздерінің жиіліктері бірдей болуы қажет және олардың тербеліс фазаларының айырмасы тұрақты болуы тиіс.

Осы шарттарды қанағаттандыратын көздер когерентті(латынның cohaereus -өзара байланысты деген сөзі) көздер деп аталады.

Толқын ұзындықтары бірдей, фазалар айырымы тұрақты толқындарды когерентті толқындар деп атаймыз.

Толқын жолында шағын (толқын ұзындығымен салыстырғанда) бөгеттер жиі ұшырайды.

Толқындарда бөгеттің шетін орғытатын қабілеті бар. Бөеттердің аумағы шағын болған жағдайда, толқындар, олардың шет – шетінен орағыта өтіп барып, бөгеттерден өткен жерде бірігіп кетеді.

Тек толқын ұзындығымен салыстырғандағы үлкен бөгеттердің ғана «көлеңкесі» болады: толқындар оның тасасына өтпейді.

Бөгетті орағытып өту қабілеті дыбыс толқындарында да бар. Үйдің тасасында тұрып , машина көрінбеген кезде, сен машинаның сигналын ести ласың. Орман ішінде дыбыс толқындары бөгеттерді еркін орағытып өте алады.

Толқындардың түзу сызықты таралулардан ауытқуы, толқындадың бөгеттерді орағытып өтуі дифракция деп аталады. ( латынның difractus – сынған деген сөзінен шыққан.)

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ №435-449 есептерді шығару түрінде өткізіледі

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

- толқын, толқынның қандай түрлері бар?

- толқын ұзындығы қалай анықталады?

- толқындардың интерференциясы дегеніміз не?

- толқындардың дифракциясы дегеніміз не?

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§§ 1-10 1-жаттығудағы есептерді шығару.

№ 6 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Механикалық толқындар

Дыбыс табиғаты,Әр түрлі орталардағы дыбыстың таралу жылдамдықтары.Дыбыстың қаттылығы,жоғарылығы және тембрі.Ультра дыбыс,оның табиғаты және қасиеттері.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

· оқыту: толқынның параметрлерімен және толқындық құбылыстармен таныстыру.

· тәрбиелік: оқушыларға механикалық толқындар туралы түсінік беру.

· дамыту: дыбыс табиғаты туралы білімдерін тереңдету.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:демонстрациялық құралдар.

б) оқыту орны:516 бөлме

6. Әдебиеттер:

негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

- толқын, толқынның қандай түрлері бар?

- толқын ұзындығы қалай анықталады?

- толқындардың интерференциясы дегеніміз не?

- толқындардың дифракциясы дегеніміз не?

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Су бетіндегі немесе резеңке баудың бойымен таралатын толқындарды көре аламыз. Ал мөлдір орталардағы яғни,ауадағы,сұйықтардағы толқындардың таралуы көрінбейдң. Бірақ оларды булгілі бір жағдайларда естуге болады.

Дыбыстың жиілікпен тербелетін кезөкелген дене (қатты, сұйық немесе газ тәрізді) Өзін қоршаған ортада дыбыс толқындарын тудырады. Біздің құлағымыз жиілігі 17-20000Гц аралығындағы дыбыс тербелістерін қабылдай алады. Мұндай тербелістер акустикалық тербелістер деп аталады. Акустика- бұл дыбыс туралы ғылым.

Адам өзі өмір сүзіп жатқан ж/емді тану үшін, өзін қоршаған ортада туралы хабардар болу керек. Бұл үшін көрумен есту мүшесі үлкен роль атқарады.

Көру арқылы қоршаған ортадағы тыныс тіршілікті, қозғалыс құбылыстарды көре алсақ, ал дыбысты есту және қабылдау арқылы біз бір-бірімізбен қарым-қатынаста бола аламыз.

Медициналық фонеидоскоп арқылы ағзадағы дыбыстарды, жүректегі шуылдарды және т.б мүшелердегі шуыл дыбыстарды тыңдауға болады.

Дыбыс жылдамдығы. Дыбыс толқындары басқа толқындарға қарағанда тежеуілденген (баяу) жылдамдықпен таралады. Мысалы; Атылған оқтың атылған дыбысынан бұрын біз атылған кездегі жарқылды көреміз. Сол сияқты тебілген футбол добының тебілген дыбысы да тепкеннен кейін шығады. Тежеуілденген дыбыс жылдамдығынан жаңғырық пайда болады. Жаңғырық бұл дыбыс толқыны.

Ауадағы дыбыс жылдамдығы 00 С-та 331м/с-қа тең. Ауадағы дыбыс жылдамдығы, ауаның тығыздығына тәуелді емес.Ол шамамен молекулалардың жылулық қозғалысының орташа жылдамдығына тең.Неғұрлым газ молекуласының массасы үлкен болған сайын, соғұрлым дыбыс жылдамдығы кеми береді. 00 С-та сутегі дыбыс жылдамдығы 1270м/с, ал көмірқышқыл газда -258м/с.

Суда ауаға қалағанда дыбыс жылдамдығы үлкенірек. Ал қатты денелерде сқйықтарға қарағанда анағұрлым үлкенірек болады. Мысалы, болатта дыбыс жылдамдығы 150 С 498м/с Суда 80 С температурада 1435м/с.

Белгілі бір тербеліс жиілігінде және ауадағы дыбыс жылдамдығы белгілі болған жағдайда дыбыс толқындардың ұзындығы ашық болады.

Құлақ қабылдай алатын су ұзындық толқын ұзындығы λ = 19м. Ал ең қысқасы λ=17м.

Дыбыс жылдамдығы ортаның қасиетіне және температурасына тәуелді. Тербеліс жиілігі 17-20 000 Гц аралығындағы тербелістер қоршаған ортада дыбыс толқындарын тудырады.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ №435-449 есептерді шығару түрінде өткізіледі

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

- дыбыс жылдамдығы қалай анықталады?

- ауадағы дыбыс жылдамдығы қандай?

- судағы дыбыс жылдамдығы қандай?

- дыбыс қаттылығы, тембрі дегеніміз не?

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§§ 1-10 1-жаттығудағы есептерді шығару.

№ 7 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы:Айнымалы ток.

Біртекті магнит өрісінде катушканы бірқалыпты айналдыра отырыпа айнымалы токты алу.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

· оқыту: оқушыларға айнымалы ток ұғымымен және оны сипаттайтын шамалармен толық таныстыру.

· тәрбиелік: жұптасып жұмыс істеуге тәрбиелеу

· дамыту: Электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу жолдарымен таныстыру.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:демонстрациялық құралдар.

б) оқыту орны:516 бөлме

6. Әдебиеттер:

· негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

- дыбыс жылдамдығы қалай анықталады?

- ауадағы дыбыс жылдамдығы қандай?

- судағы дыбыс жылдамдығы қандай?

- дыбыс қаттылығы, тембрі дегеніміз не?

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Уақытқа байланысты гармоникалық заңдар бойынша өзгеретін токты айнымалы ток деп атаймыз.

Электр тогы көбінесе электр механикалық индукциялық генераторлармен өндіріледі. Бұл генераторлар механикалық энергияны электр энергиясына айналдырады. Олардың іс әрекеттері элоктромагниттік индукция құбылысына неізделген.

Айнымалы электр тогы трансформатордың болат өзекшеге кигізілген екі орамасы бар. Оның қызыметі кернеуді арттыру немесе кеміту және ток күшн энергия шығыны аз болатындай етіп түрлендіру.

Магнит өрісін тудыратын орамалар өзектердің біреуінің қуыстарына , ал ЭҚК –индукцияланатын орамалар екіншінің қуыстарына орналастырылған. өзектердің біреуі өзінің орамасымен қоса горизнталь не вертикаль осьтен айналады. Сондықтан оны ротордеп атайды. Қозғалмайтын өзекті орамасымен қоса статордеп атайды. Статор мен ротор өзектерінің арасы мейлінше тар етіп жасалынады, соның нәтижесінде магнит индукция ағынының ең көп мәні алынады.

Қазіргі кезаегі электр тогының генараторы дегеніміз – мыс сымдардан , изоляциялық материалдардан және болат конструкциялардан тұратын қомақты құрылым.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 960,961,965 есептерді шығару түрінде өткізіледі

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

- айнымалы ток дегеніміз не?

- тұрақты ток дегеніміз не?

- ЭҚК дегеніміз не?

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§ 17 3-жаттығудағы, 951-954 есептерді шығару.

№ 8 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы:Айнымалы ток.

Токтың периоды мен жиілігі. Айнымалы токтың генераторы туралы туралы түсінік.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

· оқыту: оқушыларға айнымалы ток ұғымымен және оны сипаттайтын шамалармен толық таныстыру.

· тәрбиелік: тәртіпке, адамгершілікке тәрбиелеу.

· дамыту: электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу жолдарымен таныстыру.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:демонстрациялық құралдар.

б) оқыту орны:516 бөлме

6. Әдебиеттер:

· негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

- айнымалы ток дегеніміз не?

- тұрақты ток дегеніміз не?

- ЭҚК дегеніміз не?

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Уақытқа байланысты гармоникалық заңдар бойынша өзгеретін токты айнымалы ток деп атаймыз.

Контурдағы еркін электромагниттік тербелістер тез өшеді, сондықтан олар іс жүзінде қолданылмайды. Сол себептен де өшпейтін ерікзіз тербелістердің практикалық мәні орасан зор. Ал еріксіз электромагниттік тербелістер дегеніміз-пәтердің жарықтандыру желісіндегі, заводтар мен фабрикалардағы айнымалы ток. Бұл жағдайда ток күші мен кернеу уақыт бойынша гармоникалық заңмен анықталады.

Тұрақты ток секілді, айнымалы токты да сипаттайтын шамалар бар. Солардың бірі ток жиілігі. Айнымалы токтың жиілігі дегеніміз 1 с ішіндегі тербелістер саны. өндірістік айнымалы токтың стандарт жиілігі 50 Гц –ке тең. Бұл бір секунд ішінде ток 50 рет бір жаққа қарай және 50 рет қарама-қарсы жаққа қарай ағады деген сөз. Осы 50 Гц жиілік дүние жүзіндегі елдердің көбінде өнеркәсіп тогы үшін қабылданған.

Айнымалы токты сипаттайтын тағы бір шама токтың периоды. Айнымалы токтың периодын табу үшін конденсатор мен катушкадан тұратын айнымалы ток тізбегін қарастыруымыз керек. Алдымен конденсаторы бар айнымалы ток тізбегін қарастырайық. Конденсатор бар тізбекте тұрақты ток бола алмайды. Себебі бұл кезде тізбек ажыратулы тұрады. Бұл жағдайда ток күшінің тербелісі конденсатордағы кернеудің тербелісінен p/2-ге тең озады. Ток күшінің мәні мынаған тең болады:

(1)

Мұндағы ХС – сыйымдылық кедергі. Ол Ом-мен өлшенеді және төмендегі өрнекпен анықталады:

(2) (w-омега)

Енді катушкасы бар тізбекті қарастырайық. Тізбектегі индуктивтілік айнымалы ток күшіне әсер етеді, яғни айнымалы токқа кедергі тудырады. Индуктивтілік деп аталатын бұл кедергі жиіліктің индуктивтікке көбейтіндісіне тең болады:

(3)

Индуктивтілігі бар тізбектегі ток күшінің тербелісі фаза жағынан кернеудің тербелісінен p/2-ге қалып отырады.

Сыйымдылық, индуктивтілік және жиілік арасындағы мына байланысты ескерсек, онда периодты табуға болады.

; (4)

; (5)

; (6)

Электр тогы көбінесе электр механикалық индукциялық генераторлармен өндіріледі. Бұл генераторлар механикалық энергияны электр энергиясына айналдырады. Олардың іс әрекеттері элоктромагниттік индукция құбылысына неізделген.

Айнымалы электр тогы трансформатордың болат өзекшеге кигізілген екі орамасы бар. Оның қызыметі кернеуді арттыру немесе кеміту және ток күшн энергия шығыны аз болатындай етіп түрлендіру.

Магнит өрісін тудыратын орамалар өзектердің біреуінің қуыстарына , ал ЭҚК –индукцияланатын орамалар екіншінің қуыстарына орналастырылған. өзектердің біреуі өзінің орамасымен қоса горизнталь не вертикаль осьтен айналады. Сондықтан оны ротор деп атайды. Қозғалмайтын өзекті орамасымен қоса статор деп атайды. Статор мен ротор өзектерінің арасы мейлінше тар етіп жасалынады, соның нәтижесінде магнит индукция ағынының ең көп мәні алынады.

Қазіргі кезаегі электр тогының генараторы дегеніміз – мыс сымдардан , изоляциялық материалдардан және болат конструкциялардан тұратын қомақты құрылым.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 960,961,965 есептерді шығару түрінде өткізіледі

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

- айнымалы ток дегеніміз не?;

- айнымалы токтың жиілігі дегеніміз не?

- айнымалы токтың периоды дегеніміз не?

- актив, индуктивтілік және сыйымдылық кедергілерді қалай анықтаймыз?

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§ 17 3-жаттығудағы, 951-954 есептерді шығару.

№ 10 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: ЭҚК–тің,кернеудің , ток күшінің лездік мәндері.Электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақтың түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

· оқыту: электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу жолдарымен таныстыру.

· тәрбиелік: оқушыларға электр энергиясын пайдалануды, дұрыс тұтына білуге тәрбиелеу.

· дамыту: оқушыларға айнымалы ток ұғымымен және оны сипаттайтын шамалармен толық таныстыру.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:демонстрациялық құралдар.

б) оқыту орны:516 бөлме

6. Әдебиеттер:

· негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша:1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

- айнымалы ток дегеніміз не?;

- айнымалы токтың жиілігі дегеніміз не?

- айнымалы токтың периоды дегеніміз не?

- актив, индуктивтілік және сыйымдылық кедергілерді қалай анықтаймыз?

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Айнымалы кернеу көзіне қосылған тізбекте өтіп жатқан процесстермен толығырақ танысайық. Яғни ток күші мен кернеудің лездік және әсерлік мәндерін қарастырайық.

Ток күші мен кернеудің лездік мәндері төмендегі өрнекпен анықталады:

; (7)

мұндағы Im- ток күшінің амплитудалық мәні. Ол Ом заңы бойынша былай анықталады:

(8)

Um – кернеудің амплитудалық мәні.

R – кедергі

Ток күшінің квадратының орташа мәнінен алынған квадрат түбірге тең шаманы айнымалы ток күшінің әсерлік мәні деп атайды. Ол I арқылы белгіленеді:

(9)

Осыған сәйкес кернеудің әсерлік мәні мынаған тең болады:

(10)

Айнымалы ток тізбегіндегі орташа қуат ток күші мен кернеудің әсерлік мәндерімен анықталады.

Енді электр энергиясын үлкенді –кішілі электр станцияларында негізінде электромеханикалық генераторларда өндіріледі. Электр станцияларының негізгі екі түрі бар: жылу және су электр станциялары. Бұл станциялардың бір-бірінен айырмашылығы генератордың роторын айналдыратын двигательдерінің әр түрлілігінде.

Жылу электр станцияларында (ЖЭС) энергия көзі ретінде мынадай отындар пайдалынады: көмір, газ, мұнай, мазут.

Генератор роторын бу және газ трубиналары немесе іштен жану двигательдері айналдырады. Ал су электр станцияларында (ГЭС) генераторлардың роторын айналдыру үшін судың потенциалдық энергиясы пайдалынады . Станцияның қуаты платина туғызатын су деңгейлерінің айырмасына және секунд сайын трубина арқылы ағып өтетін судың массасына тәуелді.

Электр станцияларының бұдан да басқа түрлері бар. Мысалы , атом электр станциясы (АЭС).

Электр энергиясының негізгі тұтынушысы - өнеркәсіптер. Оның үлесіне өндірілетін энергияның 70 %–ке жуығы тиеді. Сонымен қатар , тұтынушыға, транспорт, тұрғын үйлерге, т.б. жатады. Жалпы электр энергиясының тұтынылатын орны өте көп. электр энергиясын көп мөлшерде жинап сақтау қолдан келмейді. Оны өндіріп алысымен бірден тұтынып , іске жарату кенрек. Сондықтан электр энергиясын алысқа жеткізу мәселесі келіп шығады. Ал оны алысқа жеткізу қиын. Себебі электр тогы электр жеткізу желісінің сымдарын қыздырады. Желі тым ұзын болғанда , энергия жеткізу үнемділік жағынан пайдасыз болуы мүмкін. Сол үшін мұндай жағдайда кернеуді пайдалану тиімді болады. Сондықтан ірі электр станцияларында жоғарылатқыш трансформаторлар қойылады. Электр энергиясын тұтынушыға жеткізуді төмендегі суреттен көруге болады.

11кВ 110 кВ 35 кВ 6 кВ

220 В

жеткізу

желісі

220 В

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 960,961,965 есептерді шығару түрінде өткізіледі

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

- ток күші мен кернеудің лездік мәні қалай анықталады?

- ток күші мен кернеудің әсерлік мәні дегеніміз не?

- электр энергиясын өндіру және жеткізу қалай жүзеге асады?

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§ 18 3-жаттығудағы, 935-950 есептерді шығару.

№ 11 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік өрістің кеңістікте таралуы. Ашық тербелмелі контур.Электромагниттік өрістің энергиясы және оның материалығы.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақтың түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

· оқыту: электромагниттік өрістің кеңістікте таралуы, ашық тербелмелі контурдың қызметін оқып үйрену.

· тәрбиелік: жоғары жиілікті токтардың өндірісте қолданылуы туралы тоқталып өту.

· дамыту: оқыушыларға электромагниттік өріс туралы түсінік беру

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:демонстрациялық құралдар.

б) оқыту орны:516 бөлме

6. Әдебиеттер:

· негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

- ток күші мен кернеудің лездік мәні қалай анықталады?

- ток күші мен кернеудің әсерлік мәні дегеніміз не?

- электр энергиясын өндіру және жеткізу қалай жүзеге асады?

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Ішінде еркін элетромагниттік тербелістер болып өте алатын ең қарапайым жүйе конденсатордан және оның астарларына жалғанған катушкадан тұрады. Мұндай жүйе тербелмелі контур деп аталады. Конденсатордың ауыстырып - қосқыш арқылы батерияға біраз уақыт жалғап, оны зарядтасақ, ( 26 а – сурет) осы кезде конденсатор мынандай энергия алады:

W= ; (1)

мұндағы - qm конденсатор заряды, ал С – оның электр сыйымдылығы. Конденсатордың астарларының арасында Um потенциялдар айырымы пайда болады. Конденсаторды разрядтай бастасақ онда тізбекте электр тогы пайда болады. Канденсатор разрядталған сайын электр өрісінің энергиясы кеми береді, бірақ сонымен қабат токтың магнит өрісінің энергиясы арта бастайды, ол мына формуламен анықталады.

; (2)

Мұндағы, i айнымалы ток күші, L-катушканың индуктивтілігі. Контурдың электромагниттік өрісінің толық энергиясы магнит және электр өрістерінің энергияларының қосындыларына тең болады.

; (3)

Канденсатор толық разрядталған мезеттте (q=0) электр өрісінің энергиясы о-ге тең болады. Ал токтың магнит өрісінің энергиясы энергияның сақталу заңы бойынша максимал болады. Демек, бұл мезетте ток күші де Im максимал мәңге жетеді.

Еріксіз механикалық оқығанда біз резонанс деген маңызды құбылыспен танысқан жүйе тербелісінің меншікті жиілігі сыртқы күшттің өзгеру жиілігімен дәл кеме, сол жағдайда резонанс байқалады. Егер электор тізбегі белгілі бір меншікті тербеліс жиілігі бар тербелмелі контур болса, онда механикалық және электромагниттік тербеліс заңдарының дәл келуі, бірден – ақ тізбекте резонанс байқалады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Сыртқы айнымалы кернеудің жиілігі тербелмелі контурдың меншікті жиілігімен бірдей болғанда, еріксіз тербеліс амплитудасының кенет арту құбылысын элетрлік тербелмелі контурдағы резонанс деп атайды. Резонанс кезінде ток күшінің қалыптасқан тербелісінің амплитудасы мына теңдеумен анықталады:

Im = ; (4)

R 0 кезде ток күшінің резонанстың мәні шексіз өседі. Ал R артқан сайын ток күшінің максимал мәні кемиді.

Электр резонанс құбылысы радио байланысты үзеге асыруға пайдаланалады. Қайсыбір жағдайларда резонанс үлкен зиян келтіруі мүмкін.Егер тізбек резонанс жағдайындағы жұмысқа сай есептелмесе,онда резонанстың пайда болуы апатқа әкеп соғады.

Радиобайланыс принцпі былай. Хабарлаушы антенада жасалған жиілігі жоғары айнымалы электр тогы айналадағы кеңістікте тез өзгеретін электро магнитті өріс туғызадыда, электромагниттік толқын түрінде тарайды.Қабылдаушы антенаға жеткеннен кейін,электромагниттік толқын хабарлағыш толқын жилікпен істейтін болса ,жиілігі дәл сондай айнымалы ток туғызады. Радио телефон байланысында дыбыс толқындары ауа қысымының тербелісі микрофонның көмегімен дәл сондай электр тербелістерін айналдырады. Радиот елефон байланысының жүзеге асыру үшін, антенна күшті шығарып тарататын жиілігі жоғары тербелістерді пайдалану қажет. Дыбысты жеткізу үшін осы тербелістерді өзгертеді, яғни басқаша айтқанда, модуляциялайды. Модулияция – баяу процес. Бұл жоғары жиілікті тербелмелі жүйедегі өзгерістер процесі ,онда ол өздерінің амплитудасы елерліктей өзгекруден бұрын,өте көп жоғары жиілікті тербелістер жасап үлгереді.

Қабылдағыш ішінде жиілігі жоғары модуляцияланған тербелістерден жиілігі төмен тербелістерді айырып ,бөліп алады .Сигналды осылай түрлендіру процесін дитектрлеу деп атайды.Тербемелі контурда модуляцияланған тербелістерді радиотолқын қоздырады .Телефондардың катушкалары жүктеме ролін атқарады.Олар арқылы дыбыс жилігіндей жиілігі бар ток ағады.Ең қарапайым радиоқабылдағыш антенамен байланысқан тербелмелі контурдан тұрадыда ,ол дитектордан, конденсатордан және телефоннан тұратын тізбек контуроына жалғанады.

Радиотолқындар арқылы обьектіні тауып,оның тұрған орнын дәл анықтау радиолокация деп аталады.Радиолокациялық қолндырғы-радиолокатор (немесе радио)-хабарлаушы және қабылдаушы бөліктерден тұрады.Радиолокацияда аса жоғары жиілікті (10-10 Гц) тербелістер пайдаланылады.

Радиотолқындар тек дыбысты ғана емес ,сонымен бірге кескіндердіде қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады .

Телевизиялық қабылдағышта детектрленгеннен кейін дәл әлгіндей сигнал шығады.Бұл-бейне сигнал .Ол вакуумдік-электрондық қабылдағыштық түтіктің-кинескопвакуумдік-электрондық қабылдағыш түтіктің көрінетін кескінге түрлендіріледі.Телевизиялық радиосигналдар тек,ультрақысқа (метрлік ) толқын диапазонында ғана жіберіледі .Осындай толқындар әдетте антенаның тікелей көру шегінде ғана тарайды .Сондықтан телевизиялық хабармен үлкен атырапты қамту үшін телехабар таратқыштарды жиірек орналастыру және олардың антеналарын жоғарырақ көтеру керек .

Қазіргі кезде радиолокация күннен-күнге әр қилы мақсаттар үшін қолданылып келеді.Локаторлардың көмегімен атмосфераның жоғары қабаттарындағы метеорларды бақылайды.Әрбір ғарышкемесінің міндетті түрде бірнеше радиолокатр бар.Қазіргі кезде Күн жүйесінің планеталарына да локация жасау іске асырылып отыр.

Радиолокатр ұшақтар мен кемелердің орнын анықтауға ,ауа райы қызметінде ,планеталардың локациялауға және т.с.с. пайдаланылады.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 932-950 есептерді шығару түрінде өткізіледі. Физикадан есептер жинағы (П.А.Рымкевич);

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

-электромагниттік өріс дегеніміз не?

-ашық тербелмелі контур дегеніміз не?

- электромагниттік өрістің энергиясы неге тең?

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§ 29-32, §33-38 11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б); № № 440-445 есептерді шығару. Физикадан есептер жинағы (П.А.Рымкевич);

№ 12 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы:

Жұлдыздардың радио сәулеленуі.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақтың түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

· оқыту: Радиобайланыс принципі. Қарапайым радиоқабылдағыш. Радиодлокация туралы оқып үйрену.

· тәрбиелік: жоғары жиілікті токтардың өндірісте қолданылуы туралы тоқталып өту.

· дамыту: оқушыларға электромагниттік өріс туралы түсінік беру.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:демонстрациялық құралдар.

б) оқыту орны:516 бөлме

6. Әдебиеттер:

· негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

- электромагниттік өріс дегеніміз не?

-ашық тербелмелі контур дегеніміз не?

- электромагниттік өрістің энергиясы неге тең?

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Радиобайланыс принцпі былай. Хабарлаушы антенада жасалған жиілігі жоғары айнымалы электр тогы айналадағы кеңістікте тез өзгеретін электро магнитті өріс туғызадыда, электромагниттік толқын түрінде тарайды.Қабылдаушы антенаға жеткеннен кейін,электромагниттік толқын хабарлағыш толқын жилікпен істейтін болса ,жиілігі дәл сондай айнымалы ток туғызады. Радио телефон байланысында дыбыс толқындары ауа қысымының тербелісі микрофонның көмегімен дәл сондай электр тербелістерін айналдырады. Радиот елефон байланысының жүзеге асыру үшін, антенна күшті шығарып тарататын жиілігі жоғары тербелістерді пайдалану қажет. Дыбысты жеткізу үшін осы тербелістерді өзгертеді, яғни басқаша айтқанда, модуляциялайды. Модулияция – баяу процес. Бұл жоғары жиілікті тербелмелі жүйедегі өзгерістер процесі ,онда ол өздерінің амплитудасы елерліктей өзгекруден бұрын,өте көп жоғары жиілікті тербелістер жасап үлгереді.

Қабылдағыш ішінде жиілігі жоғары модуляцияланған тербелістерден жиілігі төмен тербелістерді айырып ,бөліп алады .Сигналды осылай түрлендіру процесін дитектрлеу деп атайды.Тербемелі контурда модуляцияланған тербелістерді радиотолқын қоздырады .Телефондардың катушкалары жүктеме ролін атқарады.Олар арқылы дыбыс жилігіндей жиілігі бар ток ағады.Ең қарапайым радиоқабылдағыш антенамен байланысқан тербелмелі контурдан тұрадыда ,ол дитектордан, конденсатордан және телефоннан тұратын тізбек контуроына жалғанады.

Радиотолқындар арқылы обьектіні тауып,оның тұрған орнын дәл анықтау радиолокация деп аталады.Радиолокациялық қолндырғы-радиолокатор (немесе радио)-хабарлаушы және қабылдаушы бөліктерден тұрады.Радиолокацияда аса жоғары жиілікті (10-10 Гц) тербелістер пайдаланылады.

Радиотолқындар тек дыбысты ғана емес ,сонымен бірге кескіндердіде қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады .

Телевизиялық қабылдағышта детектрленгеннен кейін дәл әлгіндей сигнал шығады.Бұл-бейне сигнал .Ол вакуумдік-электрондық қабылдағыштық түтіктің-кинескопвакуумдік-электрондық қабылдағыш түтіктің көрінетін кескінге түрлендіріледі.Телевизиялық радиосигналдар тек,ультрақысқа (метрлік ) толқын диапазонында ғана жіберіледі .Осындай толқындар әдетте антенаның тікелей көру шегінде ғана тарайды .Сондықтан телевизиялық хабармен үлкен атырапты қамту үшін телехабар таратқыштарды жиірек орналастыру және олардың антеналарын жоғарырақ көтеру керек .

Қазіргі кезде радиолокация күннен-күнге әр қилы мақсаттар үшін қолданылып келеді.Локаторлардың көмегімен атмосфераның жоғары қабаттарындағы метеорларды бақылайды.Әрбір ғарышкемесінің міндетті түрде бірнеше радиолокатр бар.Қазіргі кезде Күн жүйесінің планеталарына да локация жасау іске асырылып отыр.

Радиолокатр ұшақтар мен кемелердің орнын анықтауға ,ауа райы қызметінде ,планеталардың локациялауға және т.с.с. пайдаланылады.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 932-950 есептерді шығару түрінде өткізіледі. Физикадан есептер жинағы (П.А.Рымкевич);

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

-радиобайланыс принципі дегеніміз не?

-радиолокация туралы түсінік;

- радиотолқындар;

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§ 29-32, §33-38 11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б); № № 440-445 есептерді шығару. Физикадан есептер жинағы (П.А.Рымкевич);

№ 14 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Оптика.

Жарықтың электромагниттік табиғаты. Жарықтың кванттық теориясы. Жарықтың әр түрлі орталардағы таралу жылдамдықтары.Жарық жылдымдығын анықтау тәсілдері.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: аралас сабақ.

  1. Сабақтың мақсаты:
    • оқыту: жарықтың электромагниттік табиғаты,жарықтың таралу жылдамдықтарын оқып үйрену.
    • тәрбиелік: оқушыларға жарықтың табиғаты жөнінде түсінік беру.
    • дамыту: Жарық жылдамдығын өлшеу әдістерімен танысу.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:демонстрациялық құралдар.

б) оқыту орны:516 бөлме

6. Әдебиеттер:

· негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

- электрлік резонансі;

- өшетін электромагниттік тербелістер;

- жоғарғы жиілікті токтар;

- электромагниттік өрістің энергиясы;

- радиолокация туралы түсінікі;

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Оптика – бұл ғылымның жарықты оқып үйренуге арналған бөлімі, бұл жарықтың жұтылуы, таралуы, сәуле шығару заңдылықтары қарастырылатын физиканың бір бөлімі. Оптика грек сөзі, көрінетін, көруге болатын дегенді білдіреді.

Бұл бөлімнің дәрігерлер мен биологтарға объектіні зерттеу үшін де маңызы зор. Мысалы, микроскопия, спектрометрия, рефрактометрия, поляриметрия және т.б.Бұл бөлімде біз электромагниттік толқындарды оқып – үйренуді бұған дейінге қарағанда әрі қарай жалғастырамыз. Мұндай толқындарды жарық толқындары деп атайды.

Жарық көзінен, мысалы, шамнан, жарық барлық жаққа тарайды,айналадағы нәрселерге түседі, атап айтқанда оларды қыздырады. Жарық көзге түскенде жарық көру әсерін туғызады- біз көреміз. Жарық таралғанда бір денеден (жарық көзінен) екінші денеге (жарық қабылдағышқа) әсер беріледі.

Жалпы бір дене екінші денеге әр түрлі екі тәсілмен әсер етеді: жарық көзінен жарық қабылдағышқа зат тасмалы арқылы, немесе зат тасымалынсыз,денелер арасындағы ортаның күйі өзгеру арқылы.

Сөйтіп, әсер бір денеден екінші денеге толқын арқылы беріледі.

Жарық әсерінің жарық көзінен қабылдағышқа берілуінің мүмкін болатын екі тәсіліне сәйкес, жарықтың не екені, оның табиғаты қандай болатыны жөнінде бір-бірінен мүлде өзгеше екі теория туды және дамыды. Бұл теориялар 17 ғасырда бір мезгілде дерлік дүниеге келді.

Бұл теориялардың біреуі Ньютонның, ал екіншісі Гюйгенстің есімдеріне байланысты болды.

Ньютонның теориясы бойынша жарық дегеніміз жарық көзінен жан-жаққа кететін бөлшектердің ағыны ( зат тасмалы).

Гюйгенстің ойлауынша жарық дегеніміз – бүкіл кеңістікті толтырып барлық денелердің ішіне өтетін ерекше гипотетикалық ортада – эфирде таралатын толқындар.

Бұл екі теория да жарық табиғатын, жарықтың таралу заңдарын жеткілікті түрде түсіндіре алды. Сөйтіп , бір жағынан жарық дегеніміз электромагниттік толқындардың дербес жағдайы болса, екінші жағынан жарық шығарылғанда және жұтылғанда бөлшектер ағыны сияқты сипатқа ие болады екен.

Жарық қасиеттерінің толқындық крпускулалық дуализмі(екі жақтылылығы) туралы ілгеріде әңгімелейтн боламыз.

Жарық жылдамдығын анықтаудың ғылымдағы маңызы зор болды. Ол жарық табиғатын білуге көп көмектесті.

Жарық жылдамдығын анықтау үшін көптеген тәжірибелер жүргізілген. Солардың бірі жарық жылдамдығын өлшеудің астрономиялық тәсілі. Бұл тәсілмен жарық жылдамдығын алғаш рет 1676 жылы дат ғалымы О. Ремер өлшеді. Ремер астроном болған, оның өлшеген жарық жолы - өте ұзақ болды. Ол жол - күн жүйесіндегі планеталардың ара қашықтығы.

Өлшеу жұмыстары, Жер өзінің Күнді айнала қозғалысында Юпитерге ең жақын келген кезде жүргізілді. Бірнеше айдан соң дәл осындай өлшеулер Жер Юпитерден қашықтағанда жүргізілген, осындай өлшеулер ойламаған жерден, Ионың белгілі айналу периоды бойынша есептеп шығаруға болатын серіктің көлеңкеден 22 минут кешігіп шыққанын көрсетті.

Ремер мұны былай түсіндірді: Ионың кешігіп көрінген уақытын, соған сәйкес ара қашықтықты біліп, осы ара қашықтықты кешіккен уақытқа бөліп, жылдамдықты табуға болады.жылдамдық аса зор шама болып шықты, шамамен 300 000 км/с1 . жарық бір секундта Жер экваторының ұзындығынан 7,5 есе артық ара қашықтықта жүріп өтетіні белгілі.

Вакуумдегі жарық жылдамдығы эксперимент жүзінде анықталды. Жуықтап алғанда ол 300 000км/с-қа (3×108м\с) тең. Барлық орталарда жарық жылдамдығы вакуумдегіден аз. Мысалы, судағы жарық жылдамдығы, вакуумге қарағанда 4\3 есе аз болады. Жарық жылдамдығының ерекше мәні болғанының себебі – дүниеде ешбір дененің жылдамдығы вакуумдегі жарық жылдамдығынан артық бола алмайды.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№№1139,1126,1125,1122 есептерді шығару түрінде өткізіледі.(A.П. Рымкевич, физика есептрінің жинағы, Алматы, «Рауан», 1998ж).

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар 1-10 кеспе қағаздары;

11. Жаңа тақырыпты бекіту; 10 мин(10%)

-оптика бөлімі нені зерттейді?

-жарықтың электромагниттік табиғатын түсіндір;

- жарықтың кванттық теориясы;

-жарықтың таралу жылдамдығы неге тең?

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

5-тарау, § 40 ( Физика-11. Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б Алматы, «Рауан», 1996);

№1005 - 1025 (А.П.Рымкевич, физика есептрінің жинағы, Алматы, «Рауан», 1998);

№ 14 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Геометриялық оптика.

Жарықтың шағылу заңы. Жазық және сфералық айналар, олардан кескін алу. Жарықтың сыну заңдары.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақтың түрі: аралас сабақ.

4.Сабақтың мақсаты:

    • оқыту: оқушыларға жарықтың шағылу және сыну заңдарымен таныстыру
    • тәрбиелік: тәжірибе орындауда ұқыптылыққа тәрбиелеу.
    • дамыту: геометриялық оптика заңдарын оқып үйрену.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:демонстрациялық құралдар.

б) оқыту орны:516 бөлме

6. Әдебиеттер:

· негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

  • қосымша:

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

-оптика бөлімі нені зерттейді?

-жарықтың электромагниттік табиғатын түсіндір;

- жарықтың кванттық теориясы;

-жарықтың таралу жылдамдығы неге тең?

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Жарық жылдамдығын 1676 ж. алғаш рет өлшеген дат ғалымы О. Ремер болды. Жарық жылдамдығы 3*108 м/с-қа тең.

Жарықтың шағылу және сыну заңдарын толқындардың жай-күйін сипаттайтын ортақ бір принциппен шығарып алуға болады. Бұл принципті алғаш Ньютонның замандасы Христиан Гюйгенс ұсынған еді. Гюйгенс принципі бойынша: ортаның ұйытқуы барып жеткен әр бір нүктесі екінші реттік толқындардың көзі болып шығады.

Шағылу заңы: түскен сәуле, шағылған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең.

(α=b )

Шағылдырушы бет айналық және дифузиялық

болып бөлінеді.Айналық бет – бұл оған түскен параллель сәулелер, шағылғаннан кейін де параллель болып қалатын бет.

Айналық бет жазық және сфералық болып келеді.

Жазық айна жарық шоғының бағытын өзгертеді және

жалған кескін береді. Жазық айнадан заттың кескінін тұрғыз

үшін заттың әрбір нүктесінен түрліше екі сәуле қажет. 1-сурет

Сфералық айна заттың құрылымын және жарық шоғының бағытын өзгерте отырып жалған және шынкескін береді.

Сфералық айнаның негізгі сипаттамалары: С – айнаның сфералық центрі; О –айнаның полюсі; ОС – басты оптикалық ось; R – айнаның сфера радиусы; F– айнаның фокусы; OF – фокус ара қашықтығы.

(1); (2); (3) R

d– зат пен айна арасындағы қашықтық;

f – кескін мен айна арасындағы қашықтық; O F C

k– айнаның ұлғаюы;

« - шын нүктедегі;

«-» - жалған нүктедегі.

Сфералық айнада кескін салу үшін үш сәуле қолданылады:

1) айнаның басты оптикалық осіне параллель сәуле, айнадан шағылғаннан кейін бас фокус арқылы өтеді;

2) бас фокус арқылы өтетеін сәуле, айнадан шағылғаннан кейін басты оптикалық оське параллель өтеді;

3) айнаның оптикалық центрі арқыыл өтетін сәуле, шағылғаннан кейін сол бағытта кері қарай жүреді.

Екі ортаның шекарасында жарық өзінің таралу бағытын өзгертеді, яғни жарық сынады.

Жарықтың сыну заңы:

Түскен сәуле, сынған сәуле және түсу нүктесіне

тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.

Сауленің қандай ортадан қайсысына өтетініне байланысты,сыну бұрышы түсу бұрышынан кіші не үлкен болады.

Түсу бұрышының синусының a сыну бұрышының

синусына қатынасы екі орта үшін де тұрақты шама

болады, ол сынудың салыстырмалы көрсеткіші

деп аталады. n21:

=n ; (4) n = = ; (5)

мұндағы, n1 – бірінші ортаның абсолюттік сыну көрсеткіші ( вакуумға қатысты);

n2 – екінші ортаның абсолюттік сыну көрсеткіші ( вакуумға қатысты);

– бірінші ортадағы жарық жылдамдығы; -екінші ортадағы жарық жылдамдығы. ~ с ( - ауадағы жарық жылдамдығы), ауаға қатысты сыну көрсеткіші n = 1,000292 ~ 1.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 1009, 1012, 1017 есептерді шығару түрінде өткізіледі. (А.П. Рымкевич Физика есептерінің жин