1. Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы; Экономикалық модельдерді пайдалану (айналым үлгісі).

2. Макроэкономиканың мақсаттары мен әдістері. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық шоттар жүйесінің басқа да көрсеткіштері.

3. Тұтыну функциясы. Тұтынуға шектік және орташа бейімділік. Жинақтау функциясы.Жинақтауға шектік және орташа бейімділік.

4. Кейнс кресті: бюджеттік салық саясаты (графикалық түрде ашып көрсету).

5. Жиынтық сұраныстың құрылымы (ашып көрсету).

6. Жиынтық сұранысқа әсер етуші факторлар, оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету).

7. Жиынтық ұсыныс. Жиынтық ұсыныс түрлері (графикалық түрде ашып көрсету).

8. Жиынтық ұсыныс қисығын құру, оған әсер етуші факторлар, оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету).

9. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе – теңдігі (AD - AS) үлгісі. Экономикалық сілкіністердің көздері және тигізетін әсері. (графикалық түрде ашып көрсету).

10. IS қисығы; Isқисығының графигін шығару; IS қисығындағы бюджеттік салық саясаты; IS қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету).

11. LM қисығы; LM қисығының графигін шығару; LM қисығындағы ақша – несие саясаты; LM қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар оның жылжуы; (графикалық түрде ашып көрсету).

12. IS – LM үлгісі (графикалық түрде). IS – LM моделі және жиынтық сұранысты шығару, AD өзгерісі.

13. Ақша функциялары. Ақша агрегаттары. Ақша сандық теориясының теңдеуі.

14. Ақша нарығындағы тепе – теңдік. Ақша мультипликаторы және ақша ұсынысы.

15. Ақша сұранысы және әсер етуші факторлар, оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету). Фишер теңдеуі.

16. Жұмыссыздық, оның түрлері әсер ететін факторлар. Оукен заңы, оның теңдеуі.

17. Филипс қисығы, оның теңдеуі мен графигі. Инфляция, оның теңдеуі мен түрлері.

18. Экономикалық өсудің сипаты мен көздері. Р. Солоудың экономикалық өсу моделі.

19. Экономикалық өсудің тобтық факторлары. Экономикалық өсудің тұрпаттары және өлшенудің әдістері.

20. Өсудің стационарлық тәртібі мен қорланудың «алтын ережесі» (графикалық түрде ашып көрсету).

21. Солоу моделінде экономикалық өсуге жинақ нормасы, технологиялық прогресс пен халық санының өсуінің әсері. (графикалық түрде ашып көрсету).

22. Ашық экономикада ұлттық табысты есептеу;

23. Капитал қозғалыс шотына және ағымдағы операциялар шотына әсер етуші саясаттар (графикалық түрде ашып көрсету).

24. Нақты айырбас бағамды анықтайтын факторлар. Нақты айырбас бағамға әсер етуші саясаттар (графикалық түрде ашып көрсету).

25. Номиналды айырбас бағамды анықтайтын факторлар.

1. Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы; Экономикалық модельдерді пайдалану (айналым үлгісі).

Макроэк/ка үй шаруашылығы секторы, кәсіпкерлік, мем/к, сыртқы секторлар сияқты ірі құрамдас бөліктерін ажыратады. Мароэк/ка өндіріс көлемінің, жұмыстылықтың ұзақ мерзімді өзгерістерімен қатар эк/қ айнымалылардың қысқа мерзімді тербелістерін де зерттейді. Макроэк/ка ұлы депрессия кезеңінде ғылым болып қалыптасты. Ол ағылшын экономисі Дж. М.Кейнстің зерттеулерімен ж/е оның 1936ж жарық көрген «жұмыстылық, пайыз ж/е ақшаның жалпы теориясы» атты жұмысымен байланысты.макроэк/да эк/ны біртұтас жүйе ретінде сипаттайтын агрегатталған көрсеткіштер қолданылады: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), бағалар деңгейі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, нарықтық пайыз мөлшерлемесі ж/е басқа көрсеткіштер. Макроэк/қ деңгейде әрбір елдің қызмет етуінің негізгі эк/қ маөсаттары анықталады:

- Тұрақты эк/ң өсу;

- Ресурстардың толық жұмыстылығы;

- Инфляция деңгейін барынша төмендету;

- Төлем балансының тепе-теңдігіне жету.

Микроэк/ка – экон-қ теорияның негізгі бір бөлігі б.т. Микроэк/ка теориясы адамдардың эк/қ іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді. Адамдардың эк/қ іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады ж/е бұларды құрайтын: қажеттілік, ресурстар, технология, өнімдер ж/е оларды пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты болады.

Модель – нақты өнер детальдерінен абстракцияланған эк/қ құбылыстар сипаттау б.т. Бұл жағдайда абстракциялау, маңызды емес детальдарға мән бермеу б.т. Модельдерді құру – ол өзі бір жағынан өнер. Бір жағынан маңызды детальдарды есепке алмасақ, модель шындыққа жақын болмайды.

Макроэк/қ модель д/з эк/қ құбылыстар мен процестердің оңайлатылған абстрактілі көрінісі, ол эк/қ айнымалылардың арасындағы өзара байланыстар мен арақатынастарды анықтайды. Әрбір модель белгілі бір мақсатта құрылады: эк/қ құбылыстар түсіндіру, эк/қ заңдылықтарды зерделеу, жоспарлау ж/е болжау.

Экзогенді Модель Эндогенді

Сондай-ақ, макроэк/да эк/қ айнымалылардың тағы 2 түрі ажыратылады: - қор айнымалысы;

- Ағын айнымалысы

2. Макроэк/ң мақсаттары мен әдістері. Негізгі макроэк-қ көрсеткіштер. Ұлттық шоттар жүйесінің басқа да көрсеткіштер.

Белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі бір мем/т халқының эк/қ белсенділігінің нәтижесін өлшеу үшін макроэк/ң негізгі көрсеткіші ЖІӨ және оны өлшеудің 3 әдісі бар:

1) Өндірістік әдіс (ҚҚӘ)

2) Шығыстарды сомалау әдісі

3) Кірістерді сомалау әдісі

Кез келген әдісті қолдану – нәтижесінде бірдей ЖІӨ көлемін береді.

Өндірістік әдіс (қосылған құн әдісі). Осы әдіс б/ша ЖІӨ белгілі бір уақыт аралығында ел ішінде өндірілген түпкілікті тауар мен қызметтердің ағымдағы өндірістің қосылған нарықтық бағасын сипаттайды.

Шығыстарды сомалау әдісі арқылы есептелінген ЖІӨ – барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің эк/қ агенттердің шығыстарының сомасы ретінде сипатталады.

Кірістерді сомалау әдісі. Қосылған құн – фирманың өндіріс факторлары иелеріне еңбекақы, пайда, пайыз, рента сияқты кіріс түріндегі төлемі.

Кез келген елде ұлттық шоттар эк/қ жиынтық өндіріс көлемін өлшеу үшін құрылған. Эк/қ ұлттық шоттар жүйесі жеке фирмадағы бухгалтерлік есепке сәйкес келеді. Ұлттық шоттар жүйесіне кіретін көрсеткіштер өндіріс көлемін белгілі уақыт мезетінде өлшеуге ж/е эк/қ қызмет етуін анықтайтын факторларды ашуға көмектеседі.

ҰШЖ беретін ақпарат эк/қ қызмет етуді жақсартуға бағытталған мем/к саясатты құру мен жүзеге асырудың негізі б.т.

ҰШЖ – әдеттегідей бір жылға ЖІӨ өндіру процесін, ақырғы қолдану мен таратуды сипаттайтын бухгалтерлік шоттар түріндегі кестелер жүйесімен сипатталады. ЖІӨ есептегенде географиялық фактор, ол ЖҰТ есептегенде – резиденттік факторлары ескереді.

Әлемдік шаруашылықтық байланыстардың жаһандануы шарттарында дамыған елдердің көбісі өзінің ҰШЖ-н халықаралық стандарттарға негіздейді. Олардың ішінен негізгісі ҰШЖ-93 б.т., яғни БҰҰ, ХВҚ, Әлемдік банк, экон/қ даму, мен бірлестік ұйымы ж/е Еуроодақтың статистика бөлімдерінің бірлескен күштерімен құрылған ҰШЖ-сі б.т. ҰШЖ ЖІӨ-нен басқа, онымен тығыз байланысты басқа да көрсеткіштер кіреді.

Жеке қолдағы табыс (DI) = Тұтыну + Жинақтар

3. Тұтыну функциясы. Тұтынуға шектік және орташа бейімділік. Жинақтау функциясы.Жинақтауға шектік және орташа бейімділік.

Тұтыну – бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің жиынтығы, олар мынадай топтарға бөлінеді:

· Қысқа мерзімді қоладнылатын тауарлар

· Ұзақ мерзімді қоладнылатын тауарлар

· Көрсетілген қызмет

Экономикада өндірілген өнімдердің басым бөлігі тұтынуға жұмсалады. ЖҰӨ-ні үштен екі бөлігі тұтынуға келетін болғандықтан, тұтыну жайлы шешімдер қабылдау экономиканың маңызды сұрақтарының бірі.

Табыстың салық төлемдерін өтеуден қалған бөлігі қолда бар табыс деп аталады.

Yd = Y-T Yd – қолда бар табыс.

Табыс тек тұтынуға жұмсалмайды, оның белгілі бір бөлігі қор жинақтауға қолданылады:

Тұтыну (С) + Қор жинағы (S ) = Табыс (Y)

Дж.М.Кейнс өзінің ілімінде тұтынуды екі факторға (объективті және субъективті) тәуелділігін көрсетті.Объективті факторға байлық запасын, табыстар деңгейін, бағаларды, өтімді активтерді жатқызды.Субъективті факторға адамдардың тұтынуға психологиялық бейімділігін жатқызды.

Тұтыну деңгейі жеке байлыққа (W) және қолда бар табысқа (Yd) оң тәуелді. Табыстың өсуімен тұтыну деңгейі де өседі. Олардың арасындағы байланыс тұтыну функциясы деп аталады:

С = C (W,Yd)

Тұтыну мен қор жинақтау мәселесін зерттеу барысында Дж.М.Кейнс мынадай психологиялық факторлардың әсерін атап көрсетті.

Біріншіден, табыс деңгейі өске сайын адамдардың тұтынуға жұмсайтын шығыны да өседі, бірақ табыс деңгейінің өсу қарқыны мен тұтыну шығындарының өсу қарқыны бірдей болмайды. Табыс өскен сайын тұтыну шығындарының өсу қарқыны азаяды, ал қор жинақтау қарқыны өседі. Тұтыну мен қор жинақтаудың өсу және кему қарқынын көрсету үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:

мрс = ∆C / ∆Y

мрс - тұтынудың шекті бейімділігі

мрs = ∆S / ∆Y

мрs– қор жинағының шекті бейімділігі

мрs + мрс = 1

Екіншіден, тұтынудың орташа бейімділігі деп аталатын тұтынудың табысқа қатынасы табыстың өсуімен бірге азаяды. Кейнстің пікіренше қор жинақтау – байлықтың белгісі, сондықтан байлар кедейлерге қарағанда табысының көп бөлігін жинақтауға жұмсайды.

арс =C/Y тұтынудың орташа бейімділігі

арs =S/Y қор жинағының орташа бейімділігі

Кейнс табыс тұтынуды анықтайтын басты фактор деп санады, және процент нарқының роліне мән бермеді.Ал классикалық мектептегі экономистердің пікірі бойынша жоғары процент нарқы қор жинақтауды ынталандырады.

4. Кейнс кресті: бюджеттік салық саясаты (графикалық түрде ашып көрсету).

Игіліктер нарығындағы тепе-теңдікті кейнсиандық крест көрсетеді.Элементтері:1)жоспарланған шығындар; 2)нақты шығындар. Жоспарланған шығындар – үй шаруашылықтары, фирма мен мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге жаратуға жоспарлаған шығындар сомасы. Нақты шығындардың жоспарланған шығындардан айырмашылығы – фирмалардың қорларға жоспарланбаған инвестицияларды салуға міндеттілігі. Экономика жабық және таза экспорт нөлге тең деп алайық, сонда Е жоспарланған шығыстарды, С тұтыну, I жоспарланған инвестиция мен G мемлекеттік шығыстардың сомасы деп қарастыруға болады: E = C + I + G. C=C(Y-T) бұл тұтыну қолдағы табысқа байланысты. Сонымен қатар жоспарланған инвестиция деңгейі тұрақтандырылған ( = ), мемлекеттік шығыстар көлемі мен салықтар да тұрақты: , .: .Осы теңдеуден жоспарланған шығыстар Е табыс Y функциясы болып табылады. E = Y. .Нақты шығыстар = жоспарланған шығыстар, Y = E. Осы жағдайда экономика тепе-теңдікте болады. Осы теңдеу макроэкономикалық тепе-теңдік шарты.

Салықтық мультипликатор: =

Т салықтарды бір бірлікке арттырғандағы Ye тепе – теңдік табыс деңгейінің қаншаға азаятынын көрсетеді.

T↓(Y-T)↑→C↑→E↑→Y↑→ ∆Y =

Кейнс кресі моделінде салықтардың азаюы.

Кейнс кресі Ү табыстың бюджет салық саясаты мен жоспарланған шығындардың Е белгілі бір көлемінде қалай анықталатынын көрсетеді. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы: Ол G мемлекеттік шығыстар немесе I инвестицияларды бір бірлікке арттырғандағы Ye тепе-теңдік табыс деңгейінің қаншаға ұлғаятынын көрсетеді.

G↑→E↑→Y↑.

5. Жиынтық сұраныстың құрылымы (ашып көрсету).

Жиынтық сұраныс-бұл тауарлар мен қызметтер көлемі, яғни үй шаруашылықтарының, фирманың, үкіметтің кез/келген баға деңгейінде сатып алуға дайын нақты ұлттық өнім көлемі.

Жабық экономикада АД жиынтық сұранысының элементтері:

1.Тұтыну:2.Инвестиция;3.Мем/к шығын

Жиынтық сұранысқа әсер етуші факторлар, оның жылжуы

Жиынтық сұраныстың осы уш элементі ұлттық шоттың келесі теңдеуінде көрсетілген:Y=C+I+G

· Тұтынушылық шығындарға (С) үй шаруашылықтарының әр түрлі тауар және қызмет көрсетулерге (нан, қант, аяқ киім, телевизорлар, тоңазытқышты жөндеу) шығындары кіреді.

· Инвестицияларға шығындар (І) – бұл инвестициялық тауарларға шығындар, оларға құрал жабдық, станоктар, өндірістік ғимараттар, материалды-техникалық қорлар, тұрғын үй құрылысы жатады. Жалпы және таза инвестицияны ажыратады. Жалпы инвестицияға барлық инвестициялар, яғни, істен шығатын құрал жабдықтың орнын толтыруға жұмсалатын инвестициялар да кіреді. Жаңа құрал жабдықты сатып алуға жұмсалған инвестициялар таза инвестиция деп аталады.

· Мемлекеттік шығындар (G) – тауар және қызмет көрсетулердің (электроэнергия, мектептер, емханалар, саябақтар, кітапханалар және т.б.) өндірісіне тікелей жүретін шығындар.

6. Жиынтық сұранысқа әсер етуші факторлар, оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету).

Жиынтық сұранысқа баға және бағалық емес факторлар әсер етеді. Баға факторының әсерінен Р баға деңгейі көтерілсе, У өнім шығару көлемі қысқарады, яғни Р ж/е У арас/ғы кері тәуелділік механизмін көрсетеді. Өзгеріс тек АД қисығының бойымен ғана өзгереді. Яғни, АДға әсер ететін баға факторының нәтижелері келесі:1.Р↑Þr↑ÞAD↓

2. байлық/ң нәтижесі елдегі бағалар деңгейінің өзгерісі халық/ң нақты байлығының шамасына әсер ететіндігін білдіреді: Р↑Þбайлық↓ÞAD↓

3.импорттың нәтижесі: Р↑ÞхпÞAD↓

Жиынтық сұранысқа бағадан тыс факторлар әсер еткенде АД қисығы оңға жоғары немесе солға төмен жылжиды. Бағалық емес факторларға: 1)тұтынушы/ң шығын/ң өзгеруі:а)тұтынушы/ң әлеуметтік жағдайы; ә)тұтынушы/ң күтімі; б)тұтынушы қарыздары; в) салықтық мөлшерлеме 2)инвестициялық шығын/ң өзгеруі: А)%-қ мөлшерлеме; б)инв/н күтілетін пайда деңгейіне; в) кәсіпорынның салықтық мөлшерлемесіне;г)технология; 3) мем/к шығын/ң өзгеруі; 4)нақты экспорт көлем шығындарының өзгеруінің нәтижесінде: шет елдегі ұлттық табыстың өзгеруі:валюталық бағалардың өзгеруі; Бағалық емес фактор әсерінен жиынтық сұраныс не азаяды н/е көбейеді.АД қисығы оңға жоғары н/е солға төмен қозғалады:

7. Жиынтық ұсыныс. Жиынтық ұсыныс түрлері (графикалық түрде ашып көрсету). Толықтыру

Жиынтық ұсыныс – бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілген қызметтер мөлшерін көрсетеді. Баға деңгейінің жоғары болуы өндірістің көлемін ұлғайтуға ынталандырады, ал баға деңгейінің төмендеуі өндірісті қысқартуға әкеледі. Бұл байланысты графикте былай көрсетеміз:

баға АS

деңгейі

нақты өндіріс көлемі

Сурет 1. Жиынтық ұсыныс қисығы

Суретте АS қисығы 3 түрлі жағдайда көрініс алып тұр. Біріншісі көлденең сызықпен көрсетілген. Ол кейнстік кесінді деп аталады. Кейнстік кесінді жұмыссыздық жағдайындағы ұсыныс қисығын бейнелейді. Кейнстің көзқарасы бойынша ресурстарын толық пайдаланбай отырған экономикада өндіріс көлемінің ұлғаюы баға деңгейіне байланыссыз болады. Фирмалар жұмыссыздықты пайдаланып ағымдағы еңбек ақысына керекті жұмыс күшін жалдайды. Осыған байланысты олар көрсетілген баға деңгейінде сұранысты қанағаттандыра алады.

Вертикальды тік қисық сызық классикалық кесінді деп аталады. Себебі экономикалық теорияның классикалық бағыт өкілдері экономиканың ресурстармен толық қамтылған жағдайын зерттеді. Классикалық жағдайда ұсыныс қисығының тік болуы кез-келген баға деңгейінде қажетті тауар өндіріледі дегенді білдіреді. Бұл жағдай баға деңгейі қаншама өссе де өнім өндірудің ұлғаймайтынын көрсетеді, себебі өндіріс бар мүмкіншілігін пайдаланып жұмыс жасап тұр.

Классикалық және кейнстік кесіндінің ортасында аралық кесінді орналасқан. Бұл аралықта еңбек ресурстары жұмыспен қамтылып, өндіріс қуаттары іске қосыла бастайды. Бұл жағдайда бағаның өсуі өндіріс көлемін ұлғайтады.

3. Классикалық үлгі және жиынтық сұраныстың тік қисығы ұзақ мерзімдік кезеңді талдауда қолданылады. Ұзақ мерзімдік кезеңде өнім шығару көлемі баға деңгейіне тәуелді емес (Сурет 3). Бұл жағдайда сұраныстың өзгерісі бағаға әсер етеді, өндіріс көлеміне әсер етпейді. Мысалы, егер ақша ұсынысы қысқарса, жиынтық сұраныс қисығы төменге ығысады. Жиынтық сұраныстың қысқаруынан баға деңгейі төмендейді.

АS

AS

AD1

AD2 AD1

AD2

Сурет 2. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі Сурет 3. Қысқа мерзімдік кезеңдегі

жиынтық ұсыныс жиынтық ұсыныс

Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен беріледі. Қысқа мерзімдік кезеңде тауарларға баға икемсіз болады, сондықтан олар сұраныстың өзгеруіне бейімделмеген. Енді жиынтық сұраныс мөлшерінің өзгеруі өнім шығару көлеміне әсер етпейді. Мысалы, Ұлттық Банк ақша ұсынысын азайтса, жиынтық сұраныс қисығы солға жылжиды. Баға деңгейі өзгермейтіндіктен, жиынтық сұраныстың өзгеруі өнім көлемінің төмендеуін тудырады.

8. Жиынтық ұсыныс қисығын құру, оған әсер етуші факторлар, оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету).

Жиынтық ұсыныс – бұл әрбір мүмкін болатын баға деңгейіндегі нақты ұлттық өнім көлемі. Жиынтық ұсыныс AS қисығымен сипатталады. AS қисығы бір бірлік өнімге шығынның өзгеруін көрсетеді, демек, нақты ұлттық өнім көлемі бағасының жоғарылауы немесе төмендеуі. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді.

Q

Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға – төменге (өсуі), солға – жоғары (азаюы).

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді: Ресурстардың бағасы. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту. Бәсекенің деңгейі Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді.

9. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе – теңдігі (AD - AS) үлгісі. Экономикалық сілкіністердің көздері және тигізетін әсері. (графикалық түрде ашып көрсету).

Үш жағдай жиынтық ұсыныстың классикалық, кейнстің қалыптыжәнекейнстің шектік тәсілдемелеріне сәйкес келеді.Әрбір жағдайда макро-қ тепе-теңдік AD ж/е AS қисықтарының қиылысу нүктесімен анықталады,бұл нүкте нарықтағы тепе-теңдік бағаны көр-ді.

Классикалық жағдайда AD қисығының оңға-жоғары жылжуы қалыптасқан бағалар деңгейінде артық сұранысты тудырады. Сонан кейінгі бағалар деңгейінің өсуі w/P нақты жалақының төмендеуіне әкеліп соғады, нәтижесінде еңбекке сұраныс оның ұсынысынан артып кетеді. Жалақы икемді болғандықтан, оның өсуі арқасында еңбек нарығында тепе-теңдік жылдам қалпына келеді. Демек, жаңа тепе-теңдік жағдай жоғарылаған бағалар деңгейі шартында AS тік сызығы мен AD жаңа қисығының қиылысуымен анық-ы. Графигі:

P AS

- -------------

AD

Y

Кейнстің жағдайында, атаулы жалақы икемсіз болғанда, жиынтық сұраныстың артуымен бірге бағалардың өсуі байқалады. Тіркелген атаулы жалақы w шартында нақты жалақы w/P төмендейді. Тым төмен жалақы фирмаларға көбірек жұмысшыларды жалдауға, нәтижесінде шығарылымды ұлғайтуға мүмкіндік береді.Графигі:

P AS

---------- AD

Y

Кейнстің шектік жағдайында жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейн өзгертпейді, ал шығарылым деңгейн арттырады нәтижесінде қысқа мерзімде экономикада өндірістің өсуі бай-ы.Графигі:

P

AS

AD

Y

Жиынтық ұсыныстың кенет өзгеруі жиынтық ұсыныстың сілкіністері (шоктары) деп аталады. Шоктар жағымды және жағымсыз болады. Жиынтық сұраныс жағынан және жиынтық ұсыныс жағынан болатын шоктар – экономикалық тербелістердің себептері. Ұсыныс жағынан болатын шоктар – бұл тауар өндірісін тоқтату салдарынан фирмалардың бағаны орнатуын қозғайтын экономикалық жағдайлардың күрт өзгеруі. Олар жаңалық ашу, мұнайға әлемдік бағалардың кенет өзгеруі арқасында пайда болуы мүмкін.

LRAS

P С A

B AD

Y

Қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы жоғары қарай жылжиды. Егер жиынтық сұраныс тұрақты болып қалса, А нүктесінен В нүк-е ауысу болады: баға деңгейі өседі, ал өнім шығару табиғи деңгейнен құлдырайды (стакфляция)

P AD2 C

B

A AD1

Y

Ұсыныс жағынан туындайтын шоктарды жеңілдету.Өнім шығарудың табиғи деңгейін қалпына келтіру үшін жиынтық сұранысты жоғарлату керек,онда А нүк-нен С нүк-не ауысу болады.Бұл жағдайда,Ұлттық банк ұсынысы жағынан туындаған шок қайшылықтарын жеңілдету мүмкіндігі туады,бірақ болашақта бағалардың жоғары деңгейде сақталуы мүмкін.

Экономикадағы тербелістер жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзгеруінен басталады. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарының қозғалысын экономикалық сілкініс немесе талықсытпа (шок) деп атайды.

Жиынтық ұсыныс жағынан болатын сілкіністер мысалдары:

· Құрғақшылық салдарынан азық-түлікке деген ұсыныстың күрт төмендеуі оларға деген бағаның өсуін тудырады;

· Қоршаған ортаны қорғау бойынша жаңа заң фирмалардың зиянды заттардың қалдықтарын қысқартуды талап етеді – фирмалар бағаны жоғарылату арқылы өндірістің қосымша шығындарын тұтынушыларға жүктейді;

· Кәсіподақтар күресі – шығарылатын тауарларға деген бағаны және жалақының жоғарылауына әкеледі және т.б.

10. IS қисығы; Isқисығының графигін шығару; IS қисығындағы бюджеттік салық саясаты; IS қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету).

IS қисығы – тауарлар мен қызметтер нарығындағы тепе – теңдікті анықтайды. IS қисығын тұтыну функциясы C=a+b(Y-T), инвестиция функциясы I=e-d*R, таза экспорт функциясы Xn=g-m’*Y-n*R теңдеулерді негізгі макроэкономикалық теңдікке кою арқылы алуға болады. IS қисығының теңдеуін R және У арқылы өрнектеуге болады. IS қисығын R арқылы өрнектесек:

R=

мұндағы T=Ta+t*Y. Y арқылы өрнектелген IS қисығының теңдеуі төмендегідей: Y=

коэффициенті Н осімен қатысты IS қисығының бұрыштық көлбеуін бейнелейди. Бұл коэффициент монетерлық және қазыналық саясаттардың салыстырмалы тиімділігін көрсететін параметр.

Is қисығының теңдеулері мен айнымалылары. Мұнда біз енді пайыз мөлшерлемесі өзгеріссіз деген ойдан бас тартайық. Сонда G, T тіркелген мәндерінің шартында (2.1) теңдеуі пайыз мөлшерлемесі і мен тепе-теңдік табыс деңгейі Q арасында байланысты анықтайды.

Q-i диаграммасында бұл тәуелділік IS қисығын береді, оның әрбір нүктесі (Qe,i) тепе-теңдік жұп болып табылады, мұндағы Qe – і пайыз мөлшерлемесіне сәйкес келетін тепе-теңдік табыс деңгейі (3.6 Сурет).

IS қисығын құру тәсілінен келесі қорытынды жасауға оңай: G мемлекеттік шығыстардың артуы, Т салықтардың азаюы IS қисығын оңға жылжытады.

I(r) инвестициялық қисықтың оңға жылжуы да IS қисығын оңға жылжытады.

Салықтық мультипликатор , T салықтарды бір бірлікке арттырғандағы Ye тепе-теңдік табыс деңгейінің қаншаға азаятынын көрсетеді. ∆T↓→ (Y - T)↑→C↑→E↑→Y↑

Кейнс кресті: бюджеттік салық саясаты.

Кейнс кресі Ү табыстың бюджет салық саясаты мен жоспарланған шығындардың Е белгілі бір көлемінде қалай анықталатынын көрсетеді. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы: Ол G мемлекеттік шығыстар немесе I инвестицияларды бір бірлікке арттырғандағы Ye тепе-теңдік табыс деңгейінің қаншаға ұлғаятынын көрсетеді.

11. LM қисығы; LM қисығының графигін шығару; LM қисығындағы ақша – несие саясаты; LM қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар оның жылжуы; (графикалық түрде ашып көрсету).

LM қисығы дегеніміз ақша нарығындағы тепе-теңдік болып табылады, яғни Орталық банктің ұсынған ақша жиын көлеміндегі ақшаға сұраныс функциясын қанағаттандыратын Y пен r барлық үлестірілімдерін тіркейді. LM қисығының барлық нүктелерінде ақшаға деген сұранысы олардың ұсынысына тең болады.

LM қисығының алгебралық шығарылымы:

r= Y- * Y= * + r

k\h коэффиецитенті LM қисығының Y осіне қатысты көлбеуін сипаттайды,ол фискалды және монетарлы саясаттарының салыстырмалы тиімділігін анықтайды. ЛМ қисығы жатықтау болады, егер: 1) ақшаға сұраныстың нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына сезімталдығы жоғары болса; 2) ақшаға сұраныстың ЖІӨ динамикасына сезімталдығы төмен болса.

LM қисығының графигін шығару.LM қисығы деген ақша нарығындағы тепе-теңдік болып табылады,яғни Орталық банктің ұсынған ақша жиын көлеміндегі ақшаға сұраныс функциясын қанағаттандыратын Y пен r барлық үлестірілімдерін тіркейді. LM қисығының барлық нүктелерінде ақшаға деген сұранысы олардың ұсынысына тең болады.

LM қисығының теңдеуі:

LM=M/P=L(r,y)LM қисығының жылжуы және ақша мөлшерінің өзгеруі
Ақша ұсынысының М ұлғаюы LM қисығын оңға жылжытады. Табыс Y өседі, ал пайыз мөлшерлемесі r төмендейді. Баға деңгейінің Р1-ден Р2-ге төмендеуі ақша ұсынысының нақты мәнін төмендетеді, ал графикте LM қисығының солға жылжытуымен бейнеленген.

MS↑→R↓→I↑→Y↑→YD↑→C↑.

LM қисығындағы ақша-несие саясаты.Ақша ұсынысының артуы н\е бағалар деңгейінің төмендеуі. LMқисығын оңға жылжытады немесе керісінше, мысалы, Орталық банк халыққа құнды қағаз сатты,бұндайда ақша массасы азаяды да . LM қисығы солға жоғары жылжиды. Ал егер Орталық банк құнды қағаздарды сатып алса онда керісінше болады.

12. IS – LM үлгісі (графикалық түрде). IS – LM моделі және жиынтық сұранысты шығару, AD өзгерісі.

IS-LM моделінде экономикалық тепе-теңдік – ол IS және LM қисықтарының қиылысатын нүктесінде орын алады. Сол нүктеде екі қисықтың қиылысу нүктесінде нақты шығындар жоспарланған шығындарға тең және ол нақты ақша сұранысының қаражаттары ұсынысқа тең екендігін көрсетеді.

IS–LM үлгісі – жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, қысқа мерзімдегі экономикалық өзгерістерді айқындайтын, экономикалық саясаттың салдарын талдайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі болып табылады. Оның теңдеулері келесідей:

1. Y = C + I + G + Xn – негізігі макроэкономикалық тепе-теңдік.

2. C = a + b(Y – T) – тұтыну функциясы;

3. I = e – d×i – инвестиция функциясы;

4. Xn= g – m¢×Y – n×i – таза экспорт функциясы.

5. – ақшаға сұраныс функциясы

· Үлгінің ішкі айнымалылары: Ү – табыс, С – тұтыну, І – инвестиция, Хn – таза экспорт, i – пайыздық мөлшерлеме.

· Үлгінің сыртқы айнымалылары: G – мемлекеттік шығындар, MS– ақша ұсынысы, T – салық мөлшерлемесі.

· Эмпирикалық коэффициенттер: (a, b, e, d, g m¢, n, k, h) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.

IS және LM қисықтарының қиылысуы А нүктесін белгілейді, онда бір мезгілде тауарлар мен қызметтер нарығы мен ақша нарығында тепе-теңдік орнайды.

(Үe,ie) тепе-теңдік жұпты, G мемлекеттік шығыстар, T салықтар, M ақша жиыны мен P бағалар деңгейінің берілген мәндері шартында, Ү және і жөнінде

екі теңдеу жүйесін шығару арқылы есептеуге болады.

Осы тауарда біз экзогенді айнымалылардың өзгерісі эндогенді айнымалыларға қандай жолмен әсер ететінін IS–LM үлгісінде зерттейміз. Себебі ақша-несие және бюджет-салық саясаттары экзогенді айнымалылардың арасында орын алады және IS–LM үлгісі қысқа мерзімді кезеңде экономикаға осы айнымалылардың әсерін көрсетеді.

i

IS-LM моделі

IS-LM моделі және жиынтық сұранысты шығару, AD өзгерісі.

IS-LM моделі AD қисығының теориялық негіздемесі болып табылады. Ал ақша теориясы – AD қисығын жылжытады. IS-LM моделі ұлттық табыс бағаның өсуімен кемитінін түсіндіріп ғана қоймай, ол тағы теріс көлбеуі бар AD қисығын шығарады. Ол бағалар деңгейі Р және тұтынушылар, фирмалар және мемлекет сатып алуға дайын өндіріс көлемі Y арасындағы ара қатынастар шкаласын көрсетеді. Бұл тәуелділіктің графигі AD жиынтық сұраныс қисығы деп аталады және ол теріс көлбеулі. М ақша ұсынысы тіркелген болсын, ал бағалар деңгейі Р1–ден Р2–гедейін өссін. Онда ақшаның нақты қалдықтары М/Р1–ден М/Р2–гедейін азаяды да LM қисығы солға-жоғары жылжиды. Және екі тепе-теңдік нүкте (Y1,P1) немесе (Y2,P2) п. б/ды. Оларды қалыпты сызықпен біріктіріп, AD қисығын аламыз.

Жиынтық сұраныс қисығын шығару

Баға деңгейінің Р әсері қарастырылғанда AD жиынтық сұраныс қисығы бойымен жылжу байқалады, ал бағадан тыс факторлар әсер еткенде, AD қисығының өзі жылжиды. Макроэкономикалық саясаттың жиынтық сұранысқа қалайша әсер ететіндігін анықтауға болады. AD қисығының жылжу бағытын анықтауға болады, егер AD жиынтық сұраныс қисығын құру тәсілін талдасақ.

Жиынтық сұраныс қисығының жылжуы

G мемлекеттік шығыстардың өсуі, Т салықтардың азаюы, С тұтынушылық шығыстардың өсуі, М ақша ұсынысының артуы, болашаққа жағымды болжау AD жиынтық сұраныс қисығын оңға қарай жылжытады Ондай болмаған жағдайда AD қисығының жылжуы солға бағытталады.

13. Ақша функциялары. Ақша агрегаттары. Ақша сандық теориясының теңдеуі.

Ақша нарығы— бұл қысқа мерзімдік несиелік құралдарды, қазыналық вексельдер мен коммерциялық қағаздарды алып-сату тетігі. Бұл нарықты облигация нарығынан ажыратып қарастыру керек. Облигация берілген ақшаның салыстырмалы бағасы — бұл облигациялардың пайыздық мөлшерлемесі.

Біздің міндетіміз осы нарықтардың құрылымын тура анықтау, бұл жердегі маңызды мәселе олардың арасындағы өзара байланысын табу. АD-AS үлгісін қарастырғанда бұл өзара байланыс болжанған өйткені тауар мен қызмет көрсету бағаларының өзгеруі тікелей ақша сұранысына әсер етеді.

Ақша нарығында пайыздық мөлшерлеменің ауытқуы жиынтық шығындар шамасына әсер етеді. IS—LМ үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс (Хикс «кресі») 1937 жылы ұсынған.

Ақшаның атқаратын қызметтері.

1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.

2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет

3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.

4. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.

5. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.

Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады.

Ақша жиыны тек қана қолма-қол ақшадан құрылмайды. Шешімімізді жеңілдету үшін салым түрлері арасында, нәтижеде М1, М2, М3 агрегаттар арасында да, айырмашылық жасамаймыз.Ақша жиынының көлемі: ,мұндағы CU – қолма-қол ақша, D – депозиттер. Қолма-қол ақшаның депозиттерге қатынасын cr арқылы белгілейік.Әрбір коммерциялық банктің ішінде салымшылардың қолма-қол ақшаға сұранысын қанағаттандыру үшін және олардың төлемдері бойынша қаражатты басқа банктерге аудару үшін резервтер болады. Банктің резервтері оның Орталық банктегі қолма-қол ақша мен депозиттерінен құрылады. Орталық банк rr міндетті резевтер нормасын орнатады, коммерциялық банктер резервтерінің депозиттерге қатынасы одан төмен түсіп кетпеуі керек. Әдетте банктердің артық резервтері болады, бірақ резервтер банктерге табыс әкелмейді дерлік. Ақша базасы H банктік жүйеден тыс қолма-қол ақша мен Орталық банктегі банктердің салымдарынан құрылады. Ақша мультипликаторы: ақша базасы мен ақша жиынын бір-бірімен байланыстырады: . Егер халық қолма-қол ақшаны пайдаланбаса, онда . Ақша базасы мен ақша жиыны арасындағы бұндай байланыс банктік жүйенің ақшаны жасау қабілетін көрсетеді.Орталық банктің ақша-несие саясатының құралдары: міндетті резервтер нормасын өзгерту, ашық нарықта операциялар жүргізу, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін өзгерту, үкіметке несие беру, валюталық басқыншылық және айықтыру.Орталық банктің алдында әр түрлі мақсаттар қойылады, мысалыға, ақша жиынын қадағалау, пайыз мөлшерлемесін реттеу және т.б.

Пропорционалдық коэффициенті (Cr+1)/(Cr+rr)=mдеп белгіленеді. Оны ақша мультипликаторы деп атайды. Ақша мультипликаторы - ақша массасы мен ақша базасының өзара байланысын сипаттайтын коэффициент. Ақша мультипликаторы әрдайым 1-ден үлкен болады, яңни m>1: M=m*MB.Ақша ұсыныс дегеніміз – экономикадағы қазіргі уақыт мезетіндегі бар ақша көлемі. Ақша ұсынысы келесі элементтерден тұрады: қолдағы бар ақша (CU) және депозиттер (D). Ақша ұсынысының моделіне 3 экзогенді айнымалы кіреді: 1.ақша базасы MB=CU+Re; 2.депозиттерді резервтеу нормасы rr; 3.ақшаны депозиттеу коэффициенті, яғни қолма-қол депозитке айналдыру Cr. Ақша ұсынысын 2 формула арқылы табуға болады: 1) MB/(Cr+rr)=M/Cr+1; 2)M=((Cr+1)MB)/(Cr+rr)→M≈MB.

(M/P)S

r (M/P)S-нақты ақша ұсынысы

M/P

Ақша айналысының жылдамдығы (табыс бойынша) орташа есеппен алғанда әрбір ақша бірлігі жылына неше рет жұмсалғанын көрсетеді, яғни V=(P*Y)/M, мұндағы M-ақша жиыны, P-бағалар деңгейі, Y-шығарылым. Ақша айналысының жылдамдығы пайыз мөлшерлемесінен де, табыстан да тікелей тәуелді. Бұл теңдікті былай жазылады: M*V=P*Y.Бұл теңдік ақшаның сандық теориясының теңдеуі деп аталады. М1, М2, М3-ке сәйкесінше V1, V2, V3 ақша айналысының жылдамдықтары пайда болады. V1 жылдамдығы V2 жылдамдығынан төмен, өйткені ол (V2) тұрақтырақ болып саналады. Ақшаның сандық теориясының теңдеуін пайыздық формуламен көрсетуге болады: М% өзгерісі+V% өзгерісі=P% өзгерісі+Y% өзгерісі.