4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

ҮШФАЗАЛЫҚ ЕКІ ОРАМДЫ ТРАНСФОРМАТОРДЫҢ

ЖАЛҒАНУ ТОПТАРЫН ЗЕРТТЕУ

Жұмыстың мақсаты: Үшфазалық екі орамды трансформатор бойынша негізгі теориялық мағлұматтарды бекітіп, студенттердің экспериметтік зерттеуді өздігінен орындау дағдыларын дарыту және осылардың негізінде трансформаторда болып жатқан процестерді талдау қабілетін дамыту

 

 

Блокты аппаратуралардың тізімі:

Кесте 8.1

Белгіленуі

Аталуы

Түрі

Параметрлері

G1

Үшфазалық қорек көзі

201.2

~ 400 В / 16 А

А1, А2

Үшфазалық трансформатор тобы

347.1

3ґ80 ВЧА;

230 В/242,235, 230, 226, 220, 133 В

А3

Өлшеуіш трансформатор тоғы мен кернеу блогы

401.1

600В/3В үш кернеу трансформаторы; 0,3А/3В үш тоқ трансформаторы

А4

Коннектор

330

8 аналог. диф кіріс; 8 сандық кіріс/шығыс

А5

Компьютер

550

Windows XP

 

Блокты электрлік схеманың сипаты:

А1 үш бірфазалық трансформатор блогы үшфазалық трансформатор ретінде орамалары Y/Y жалғанылған. Y жалғанылған бірінші реттік орамалардың шығысы G1 қорек көзінің «L1», «L2» және «L3» ұяшықтарына қосылған.

А2 екі кернеу трансформатор блогының бірінші реттік орамалары, сыналатын трансформатордың аттас сызықтық кернеулері (Y, Δ) бірінші және екінші реттік ораманың ұяшықтарымен жалғануы қажет. Кернеу трансформаторының екінші реттік орамалары А4 компьютердің платасына тіркелген коннектордың АСН0-АСН8 және АСН1-АСН9 дифференциалды аналогтық кірісіне қосылған.

 

Сурет 8.1 Орамалар тобы Y/Y жалғанылған үшфазалық трансформатордың

блокты электрлік схемасы

 

 

Тәжірибені орындау нұсқауы:

8.1 суреттегі схема және пайдаланатын блоктардың қорғаныс жерлендіргіштері үшфазалық қорек көзінің «РЕ» жерлендіргішімен тізбектей жалғанады.

А4 компьютерді жұмыс жағдайына келтіріп және «Многоканальный записывающий осциллограф» бағдарламасын іске қосамыз. G1 қорек көзін қорек көзіне қосып, 2 секундтан кейін ажыратамыз.

Бағдарлама сақтаған нәтижені пайдаланып, фазалық кернеулердің ығысу бұрыштарын анықтау арқылы, үшфазалық трансформатор орамасының жалғану топтарын табу қажет. Мәселен, орамалары Y/Y жалғанылған және бағдарламада тіркелген бірінші реттік ораманың фазалық кернеуі мен сәйкесінше екінші реттік ораманың фазалық кернеуі арасындағы ығысу бұрышы 00 градқа тең, яғни, жалғануы 12-шы топқа сәйкес:

 

 

Сурет 8.2 Трансформатор орамасының жалғану тобы және

шықпаларының маркіленуі

 

 

Сурет 8.3 Трансформатордың жалғану схемасының топографиялық диаграммасы